Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Павлодар облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі балық қорын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Облыс аумағында бүгінде 298 балық шаруашылығы жұмыс істейді. Олардың ішінде Екібастұз, екібастұздық ГРЭС-2 су қоймалары, Қ.Сәтбаев атындағы каналдың сегіз су қоймасы және Салин артемиясы мекен ететін 17 тұзды көл халықаралық маңызға ие. Үстіміздегі жылдың басында 129 балық шаруашылығы су айдындары 31 табиғат пайдаланушыға ұзақ мерзімге жалға бекітілді. Ал қалған 139 су айдыны жергілікті маңызы бар бос резервтік қор болып табылады және оларды жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде заңды және жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге жалға бере алады.
2010 жылы Павлодар облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің инспекторлық құрамы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе табиғат қорғау заңнамасын тексеру бойынша 1761 рейд өткізді. Нәтижесінде әкімшілік хаттамалар жасалып, 3160881 теңге сомасына айыппұл салынды. Сот үкіміне сәйкес 36 заң бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. Заңсыз қолданыста болған 681 балық аулау құралдары тәркіленіп, сот шешімімен 136-сы жойылды.
Өткен жылы жоғарыда аталған Заңның кейбір баптарына өзгерістер және түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, алдағы уақытта «Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және жергілікті маңызы бар учаскелердегі балық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық ресурстарын және басқа да жануарларды аулау квоталарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөледі».
Осыған байланысты ағымдағы жылдан бастап Үкімет Қаулысының негізінде жергілікті су айдындары бойынша облыс пайдаланушыларына балық ресурстарын аулау үшін квоталарды Павлодар облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бөлетін болды. Аталмыш Заңның 27-бабы 2-тармағы 15,16-тармақшаларына сәйкес табиғат пайдаланушы: жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан барлық шарттарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және тиісті мерзімде уәкілетті органда тіркеуге, оларды бұзу туралы ақпаратты белгілеген тәртіппен және мерзімінде табыс етуге, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, су айдынындағы кәсіпшілік жағдайы, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге міндетті.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы 29 сәуіріндегі №301 бұйрығына сай кәсіпшілік балық аулау кезінде балықшыда бекітілген үлгідегі арнайы куәлік болуы қажет.
Атап өтерлігі, өткен жылы Үкіметінің 14 маусымындағы №556 Қаулысымен Балық аулау ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтар болсақ, әуесқойлық (спорттық) балық аулау балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында және (немесе) учаскелерінде аумақтық ведомстволық бөлімшелерінің рұқсат қағаздары болған жағдайда бір рет балық аулауға, онымен қоса бес килограммға дейін тегін балық аулауға рұқсат етіледі. Және де егер ауланған балықтың салмағы тегін аулауға рұқсат берілген мөлшерінен (5 кг) асып түссе, көрсетілген мөлшер жолдама немесе рұқсат қағазының кері жағына жазылады, ал төлеу факт бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес, балық аулау нысандары болып келетін жануарлар түрлерін қолданғаны үшін бекітілген ақы мөлшеріне сай екі жұмыс күнінен асыртпай жүргізіледі.
Балық аулау бойынша табиғат қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін міндеттерді күшейту Әкімшілік заңнамасында да қарастырылған.
ҚР Әділет Министрлігінде 2010 жылдың сәуір айында тіркелген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен аңшылық және балық шаруашылық субъектілерімен жолдамаларды беру Ережесі бекітілді. Оған сай жолдаманың үлгісі жасалып, жолдама балықшыға балық шаруашылық субъектісінің міндетті тұлғасымен толығымен толтырылып, сомасы, сондай-ақ ауланатын балық мөлшері көрсетіліп, белгілі бір мерзімге нақты бекітілген су айдынына беріледі. Балық шаруашылығы субъектісі (пайдаланушы) берілген жолдамаларды журналға тіркеу арқылы есепке алады. Журнал уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мөрімен бекітілуі керек.
Балық ресурстарын сақтаудағы өзекті мәселелердің бірі - облыстың көптеген жайылмалы су айдындарында балықтың жойылу қаупі болуы. Осыған байланысты Павлодар облысы бойынша балық инспекциясы балық шаруашылығы субъектілерінің басшылары мен балықшылардан қысқы мерзімде су айдындарына аэрациялық іс-шараларды уақытымен өткізуін сұрайды.
Адам денсаулығы және қоршаған орта өмірдің ең басты факторлары болып келеді. Ертіс өзені және Қ.Сәтбаев атындағы канал – Қазақстан Республикасының бірнеше облыстарының (ШҚО, Павлодар облысы, Қарағанды облысы, Ақмола облысы) ауыз су бұлағы болып келеді. Осы су айдындарының ластануы тікелей адам денсаулығына, ихтиофауна және қоршаған ортаға әсерін тигізеді.
Бұл ретте, ЖК «Болашақ» пайдаланушысының жағымды бір тәжірибесін айта кетуге болады. ЖК «Болашақ» Жарлыкөл көлінің балық шаруашылық су айдынын жалға алады (Баянауыл ауданы). Кәсіпкерлік басшысы аталмыш көлдің жағалауына қоқыстарға арналған контейнерлерді орналастырды және олар уақытымен шығарылып отырады. Сонымен қатар пайдаланушылармен келіскен шартта көрсетілген тармақтарға сәйкес қорықшылар күнделікті көл жағдайына тексеріс жүргізеді.
Бірақ Павлодар облысының барлық пайдаланушылары өздеріне бекітілген су айдындарының санитарлық жағдайын дұрыс қалпында сақтамайды, мысалы көптеген балықшылар ГРЭС-1, ГРЭС-2 су қоймасының жалға алынған су айдындарына, Екібастұз су қоймаларына, Қ.Сәтбаев атындағы канал гидротараптарына шығып, балық аулаудан кейін көптеген қоқыстар мен тамақ қалдықтарын қалдырады.
Осыған байланысты балық шаруашылығы субъектілерінің жауапты тұлғасы жолдама берген кезде балықшыға өздерінен қалған қалдықтарды жинау қажеттігі туралы және жұқа мұзға шығуға тыйым салынатындығы жөнінде түсіндіруге міндетті.
Н.СЫЗДЫҚОВ,
Павлодар облысы бойынша
балық инспекциясы бөлімінің бастығы.

