«ҚазАгроҚаржы» агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру мөлшерлемесін төмендететіні туралы хабарлайды. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап компанияның меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру мөлшерлемесі 11,5 пайыздан 9 пайызға дейін төмендейді.
Сонымен бірге «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бұрын жасалған лизинг шарттары бойынша пайыздық мөлшерлемелер қайта қаралатын болады. Мысалы, компания 2011 жылы меншікті өз қаражаты есебінен лизинг шарттарында қаржыландырған шаруашылықтар мен агроқұрылымдар үшін мөлшерлемелердің мәнін 11,5 пайыздан 10,5 пайызға дейін қайта қарауды көздеп отыр. 2009 жылдың талаптарындағы лизинг шарттары бойынша 12,5 пайыздан 10,5 пайызға дейін қайта есептелмек болып жоспарлануда.
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында 11,5 пайыз мөлшерлемесі екі жыл бойына қолданылып келеді және 2010 жылдан бастап өзгеріссіз қалғанын айта кеткеніміз жөн. 2009 жылы компанияның меншікті қаражаты есебінен қаржы лизингісі 12,5% қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша берілген. Бұл мөлшерлемелердің мәндері кредитор-банктердің алдындағы талаптарды орындау қажеттілігіне негізделген. Қазіргі кезде «ҚазАгроҚаржы» компаниясы олардың алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын әрі толығымен өтеу мүмкіндігін қарастыру үстінде.
Осының негізінде, сондай-ақ, компания қызметінің әлеуметтік-бағдарланған бағыттылығын және отандық АӨК дамыту бойынша міндетін ескере келіп, «ҚазАгроҚаржы» меншікті өз қаражаты есебінен қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетпекші болып отыр.
Жалпы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру бойынша 2011 жылға арналған шарттары келесідей:
- Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру: сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4 пайыз, 7-10 жылға дейін.
- Меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру: сыйақы мөлшерлемесі – 9 пайыз, 7-10 жылға дейін.
- Тартылған (қарыз) қаражаттары есебінен қаржыландыру: сыйақы мөлшерлемесі – 9,9 пайыз, 10 жылға дейін.
- Ауылдағы инвестициялық жобаларды (Ұлттық қор қаражаты есебінен) қаржыландыру: сыйақы мөлшерлемесі – 6 пайыз, 5-12 жылға дейін, негізгі борышты өтеу бойынша 2-жылдық жеңілдікті кезеңмен.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ қаражаттары республика шаруашылықтары мен агроқұрылымдарының ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңартуы үшін, әртүрлі өңдеу жабдықтарын сатып алуы үшін және еліміздің ауыл шаруашылығындағы жобаларды іске асыруы үшін көзделген.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сонымен қатар, лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. 2000-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніне 193,2 млрд. теңге қаржы инвестициялады, сонымен қатар, жалпы сомасы 126,3 млрд. теңгеге 16 046 бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалар сатып алуға қаржыландырды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі.

