«БАСТЫ МАҚСАТ – ӨНІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ»

 

дейді Лебяжі ауданының шаруалары

Ауыл шаруашылығы - ел экономикасы дамуының негізгі тетіктерінің бірі екені анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймызатты халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы еліміздегі жеделдетілген экономикалық жаңғыртудың  маңызды факторы екенін баса айтқан болатын. Стратегиялық құжатта: «Ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі» делінген. Бұл мақсатты жүзеге асыруға Лебяжі ауданының шаруа қожалықтары да айтарлықтай үлесін қосуда.

Лебяжі ауданының әкімі Серік Әпсалықовтың айтуынша, ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға жеке инвестициялар құйылуда.  Аудандағы 7 ЖШС мен 170 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Аталмыш өлкедегі  ауыл шаруашылығы саласының басты бағыттарының бірі бақша өнімдерін өсіру болып табылады. Бүгінде картоп егу жұмыстары толықтай тәмамдалып, бақша өнімдерін отырғызу шаралары қызу атқарылуда.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, өңірде биыл 9745 гектар жерге егін егу жоспарланған. Тарқата айтсақ, аудан диқандары үстіміздегі жылы 640 гектарға дәнді дақылдар, 800 гектарға майлы дақылдар, 450 гектарға картоп, 250 гектарға түрлі көкөністер, 1040 гектарға бақша өнімдері егілді.

Қызыләскер ауылдық округіне қарасты Черное ауылында 29 шаруа қожалығы бар.  «Роса» және «Радуга» шаруа қожалықтары егін шаруашылығымен айналысады. 1997 жылдан бері картоп және бақша өнімдерін өсіруді қолға алып, өнімділік көлемін арттыру бойынша өміршең бастамаларымен көрінуде. Алғашқыда үш гектар жерге егін егуден бастаған олар қазіргі таңда аудандағы ірі шаруа қожалықтарының біріне айналып отыр. Қуантарлығы, олар егіс алқаптарының аумағын жылдан-жылға арттырып келеді. «Роса» шаруа қожалығы өзінің егістік алқабын биылғы жылы 60 гектарға (45 гектаркартоп және                        15 гектар - көкөніс), ал «Радуга» шаруа қожалығы 220 гектарға (картоп - 165 гектар және 55 -гектар көкөніс) ұлғайтуды көздеуде.

Валиулин Ахнап басқаратын «Роса» шаруа қожалығы дәл қазір картоп егуді толықтай аяқтаған. Диқанның айтуынша, олар өсіретін көкөніс тұқымдарының  барлық сұрыптары отандық болып табылады. Тек қырыққабат қана голландық сұрып екен. Бақша өнімдерін жылыжайларға отырғызу науқаны наурыз айында басталған, ал жуық арада шаруа қожалығы оларды егістік алқаптарына шығару  жұмысын бастамақ. Сәбіз, қызылша сынды көкөніс түрлеріне халық тарапынан сұраныстың көп болуына байланысты шаруа қожалығы аталмыш өнімдерді өсіруді де қолға алған.

Әңгіме барысында «Роса» шаруа қожалығының басшысы алынған өнімді сатуға қатысты мәселенің барын да жасырмады. Олардың айтуынша, егін орылғаннан кейінгі уақытта өнімді сату қиынға соғатын көрінеді. Атап айтсақ, шаруаларды Павлодар қаласындағы әмбебап нарықтағы сату орнының қымбатшылығы алаңдатады.

«Радуга» шаруа қожалығында 500 тонна көкөніс сақтау орны бар.  Ал осы жылы 2000 тоннаға шақталған көкөніс сақтау қоймасын салуды бастап кетті. Аталмыш шаруа қожалығы - 2007 жылдан бері аудандық ауыл шаруашылығының көрмесінің тұрақты қатысушысы. 2009-2010 жылдарда облыстық ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесінің дипломанты болса, шаруашылық басшысы Г.Комков былтыр республикалық «Парыз» байқауына қатысып, Алғыс хатпен марапатталған екен.

 Қызыләскер ауылдық округінің әкімі Бүркіт Пусырхановтың айтуынша, қос шаруа қожалығы елді мекендегі мектептерге қол ұшын беру бойынша игі істерді жүзеге асырып, ауыл тұрғындары тарапынан зор қошеметке ие. Жыл сайын мектеп оқушыларын ыстық тамақпен және спорттық киіммен қамтамасыз етуге барынша көмек көрсетуде.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

Лебяжі ауданы 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30 31