Елдегі ауа райын болжаушы мамандардың айтуынша, биылғы жаз астық өсірушілер үшін қолайлы болмақ. Былтырғыдай бірнеше аптаға созылатын аптап ыстықтар болмайды әрі ылғал жеткілікті түседі деп сендіріп отыр олар. Жағымды ауа райы күзде астық түсімінің жақсы болатынына кепілдік береді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің сөзіне сүйенсек, дымқыл әрі салқын көктем өсінділерге тез өсуге мүмкіндік берді, ендігі жерде ылғал мол болған жағдайда егіс далалары суды қабылдамауы мүмкін. «Сондықтан біз астық өсірушілерді гербицидтермен қамтамасыз ету үшін жеңіл несие беру мүмкіндігін қарастырудамыз»,- деді жақында өткен бір жиында министр.
Астық туралы сөз қозғалғанда ең алдымен бидай өнімі ауызға алынатыны анық.
М.АЯҒАНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылғы 14 маусымдағы номерінен оқи аласыздар)

