Соңғы 4-5 жылдың ішінде Шарбақты ауданы бойынша қара малды қолдан ұрықтандыру мен мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Тынымсыз жұмыс оң нәтиже көрсетіп отыр.
Бүгінгі танда Шарбақты ауданында асыл тұқымды мал өсіретін екі шаруашылық бар. Оның бірі «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ал екіншісі «Түгелбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Алғашқысында 820 қара мал болса, кейінгісіндегі қара малдың саны – 238 бас. Екі шаруашылық та сапалы тұқымға жататын даланың күрең сиырларын өсіреді. Бұл - аудан үшін үлкен мәртебе әрі жетістік. Сонымен қатар ауданда қара малды қолдан ұрықтандыратын 20 пункт жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 2200-дей мал басы жасанды ұрықтандырылды. Шарбақты ауданында қара малды ұрықтандыру мен асылдандыруға айрықша мән берілген.
Қ.ҚАСЫМБАЕВ,
Шарбақты аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің бас маманы.

