Жаздың алғашқы айы астық өсірушілерді жарылқап тұр. Маусым ерекше мінез танытып, былтыр осы уақытта болмаған жауын-шашынның есесін толтырды. Нөсер жаңбыр тұқым себілген аймақтарды тегіс қамтыды. Әрине, бұл жағымды жағдай егіншілікпен айналысатын шаруалардың жаңа егіннен үмітін ұлғайтып, құлшындыра түсті.
Биыл Павлодар облысындағы жазғы егіс көлемі 825 мың гектар жерді құрады. Өткен жылғымен салыстырсақ, тұқым себілген алқаптар отыз алты мың гектарға артқан. Маусым айының алғашқы аптасында өңірдегі себу жұмыстары аяқталып қойды. Қазіргі күні диқандар қауымы көктеп шыға бастаған егінді зиянкес жәндіктерден қорғау шараларын жүргізіп, жаздың жайлы болуын тілеп отырған жайы бар.
Барлық егістіктің жартысына жуығын дәнді дақылдар құрайды. Былтыр майлы дақылдарға ерекше ден қойған аграрлық саланың қызметкерлері осы жылы көптүрлі өнім өсіру ісіне назар аударып, майлы дақылдарды шектеді.
Мұрат АЯҒАНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 28 маусымдағы номерінен оқи аласыз)

