Шарбақты ауданында жеке меншік малға вакцина егу, ветеринарлық паспорт беру жұмыстары аяқталуға жақын. ҚР «Ветеринария туралы» Заңының талаптарына сәйкес әр малдың ветеринарлық паспорты болуы қажет.
Қазіргі кезде ауданда сібір жарасының алдын алу, яғни вакцина егу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жүйелі, жоспарлы түрде жүзеге асуда. Қазіргі жағдаймен аудан бойынша 27600 бас қара малға, 32000 бас қойға, 4000 бас жылқыға, 11950 бас шошқаға сібір жарасының вакциналары егілді. Вакцина салынған малдың барлығына паспорт берілді.
А.Увалиев,
Шарбақты аудандық
ветеринарлық бөлімнің бастығы.

