ЕТ ӨНІМДЕРІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАНУДА

       Павлодар ауданы бойынша ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруының пайда болуы мен тарауына жол бермеу мақсатында ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.
        Бүгінгі таңда аудан бойынша 8 ветеринарлық-санитарлық инспектор, 13 мал дәрігері және жергілікті жерлерде лицензиясы бар 12 мал дәрігері келісім-шарт бойынша қызмет етуде.
        Малдарды егу және жұқпалы ауруларға тексеру жұмыстары бекітілген жоспар мен түрлі деңгейдегі бағдарламалар бойынша бюджеттен бөлінген қаражатқа сәйкес жүзеге асырылады. Биылғы жылы аудан бойынша 47000 бас ірі қара мал, 56000 бас ұсақ малды бруцеллез ауруына тексеру жоспарлануда. Ірі қара мал туберкулез ауруына жылына екі рет тексеріледі, өткен бірінші жартыжылдықтағы алғашқы тексерісте ауруға шалдыққан малдар анықталмады.
         2010 жылғы І жартыжылдық жоспарына сәйкес аудан көлемінде сібір жарасына қарсы 36600 ірі қара мал, 46200 ұсақ мал, 5000 жылқы және 7000 шошқа малы егілді. Бруцеллезге 26000 ірі қара мал, 37000 ұсақ мал тексерілді. Бруцеллез ауруының белгілері байқалған ірі қара малдар уақытымен оқшауландырылып, ережеге сәйкес ет өнімін өндейтін орындарға және шұжық цехтарына тапсырылды.
       Малдарды егу жұмыстарын лицензиясы бар мал дәрігерлері жергілікті ауылдық округтердегі ветеринарлық мамандармен бірігіп жүзеге асырады.
       Аудан бойынша сібір жарасын болдырмау жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, егу жұмыстары І жартыжылдыққа арналған жоспарға сәйкес аяқталды. Ал, былтырғы жылғы егіліп, келесі егу уақыты келмеген мал бастары және биылғы туған төлдерді егу жұмыстары мерзімі келген соң жалғастырылатын болады.
       Сібір жарасына эпизоотиялық карта жасалынып, бұрын тіркелген аурудың болған жерлерінен санитарлық-эпидемиологиялық мамандармен бірге 8 сынама алынып, зертханада тексерілді, тексеріс барысында сібір жарасының қоздырғышы анықталмады. Бұрындары осындай індет тіркелген жерлерге белгілер қойылды.
       Ауылдық округтерге өзге жерлерден әкелінген малдар қадағалануда, мал дәрігерлік құжат қағаздары тексеріліп, 30 күн карантинде болады. Карантин уақытында малдар бруцеллез, туберкулез ауруына тексеріліп, сібір жарасына қарсы егіледі. Жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатында елді мекендерде, шаруа қожалықтарында арнайы мал сою бекеттері болуы қажет.
       Павлодар ауданы көлемінде 8 мал сою бекеті жұмыс істеуде: «Луганск» ӨК, «Киров» ЖШС, «Жұлдыз» ШҚ, «Нарымбек» ШҚ, «Маяк» ШҚ, «Ауыл-ту» ШҚ, «Болат» ШҚ, «Гисматулин» ШҚ. Басқа ауылдарда, шаруа қожалықтарында мал сою бекеттерін салу жұмыстары жоспар бойынша жасалынуда.
       Аудан тұрғындарының сатуға арналған мал өнімдері міндетті түрде зертханалық сараптамадан өтіп, тиісті құжат кағаздары болуы тиіс.
       Ет өнімдерін базарға және басқа сауда орындарына тапсырар алдында қатаң талап қойылады, яғни жергілікті әкімшіліктен және мал дәрігерінен арнайы құжаттары, автокөлікке санитарлық куәлігінің болуы, сатуға арналған мал арнайы сою бекеттерінде сойылуы қажет. Осы талаптардың бірі орындалмаса, ет сатуға рұқсат берілмейді, жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салынады.
       Ауданның аумақтық инспекциясының алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі - малдарды аурудан сақтау, жергілікті жерлерде малға және адамға жұғатын ауруларды болдырмау, мал өнімдерінің адамға зиянсыз болуын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде ветеринарлық-санитарлық инспекторлары ауылдық округтерге бекітілген, лицензиясы бар мал дәрігерлерінің жұмыстарына бақылау жасайды, қажетті нұсқаулар беріп, дәрі-дәрмектердің сақталуын, олардың тиісті түрде қолданылуын қадағалайды.
       Жұмыстың нәтижесіне жету үшін жергілікті органдар, шаруа қожалықтары және ауыл тұрғындары бірігіп, алға қойған мақсаттардың орындалуына және негізгі азығымыз - малды аман сақтау жолында үлес қосқанымыз абзал.

Б. ТАСЫБАЕВ,
Павлодар ауданының бас ветеринарлық-санитарлық дәрігері.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31