ҚЫТАЙЛЫҚТАР КӨКӨНІС ЖЕТКІЗУГЕ ӘЗІР

       Павлодар қаласына Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық республикасы Шәуешек қаласының делегациясы келді. Шәуешек қаласының әкімі Жұмағазы Қадырбекұлы бастап келген көршілес елдің өкілдерін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Серік Байсейітов қарсы алды.
       Серік Басарұлының айтып өткеніндей, үстіміздегі жылдың сәуір айында Қытай жерінде павлодарлық делегация болып қайтқан еді. Сол кезде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Шәуешек қаласы сыртқы экономикалық сауда мекемесі арасында өзара сауда-саттық жасау жөнінде келісімге қол қойылды. Осылайша қытайлық көкөніс өнімдерін ішкі нарыққа тиімді бағамен жеткізу мәселесі шешілді. Жазғытұрым көршілес елдің кәсіпкерлері Павлодар аймағына 18 тонна қызанақ және 30 тонна алма жіберді. Бұл өңірде көкөніс шаруашылығының дамығаны соншалық, жылына қырық мыңнан астам тонна өнім Қазақстан, Қырғызстан елдеріне экспортталады екен.
       Қытайлық делегацияның Павлодар қаласына сапары да жоғарыда айтылған келісім негізінде жүзеге асты. Кездесуде Шәуешек қаласының әкімі Жұмағазы Қадырбекұлы Қазақстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді. Әсіресе шекараға жақын орналасқан Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникаларына деген сұраныстарын өтеуге әзір.
       Қытай елінің өкілдері өз жерінде жыл сайын өткізілетін көкөніс-жеміс-жидек, мәдени саяхат жәрмеңкесіне Павлодар облысының делегациясын шақыра келіпті. Жәрмеңке қыркүйектің 20-23 күндері аралығында өтеді. Жұмағазы Қадырбекұлы шақыру қағазын Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.Байсейітовке тапсырды.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31