ЖИЫН-ТЕРІН НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ

    Ауданымызда егін ору науқаны қызу жүруде. Ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 10121 гектар астық орылды.Соның ішінде бидайдың үлесі 2219 гектар, қазірде 889 тонна астық бастырылды. Биылғы жылы астық шығымы  гектарына 4 центнерді құрайды. Аталған дәнді дақылды өсірумен ауданда үш шаруашылық – «Киров» ЖШС, «Луганск» өндірістік кооперативі және Павлодар ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.

    Диқандар бір мың гектардай алқапта қалған бидайды келер аптада толығымен орып шықпақ. Оған техникалық мүмкіндіктер де жеткілікті. Бидайдан басқа дәнді дақылдарды шаруалар жинап алған. Биыл арпа 4 мың гектардан астам алқапта өсірілді. Сұлы 1157 гектардан, ал қарабидай 1095 гектардан орылып бастырылды. Дегенмен шаруашылықтардың барлығы бірдей тары мен қарақұмықты жинауды бастап кеткен жоқ. Биыл «Маяк» шаруа қожалығы әрбір гектардан 5 центнер тары жинап, мол өнімге ие болуда.

    Ауданның көкөнісшілері биыл 2600 гектар жерге картоп пен көкөніс өнімдерін еккен, бүгінде 32 мың тонна картоп жиналды. Науқан кезінде жаңа піскен өнімдерді сатып алуға Павлодар қаласынан және басқа да аймақтардан келуде. Картоп қазірде қаланың сауда орындарына жеткізіле бастады. Биыл заманауи қоймаларды сақталатын көкөніс өнімдері келер көктемге дейін сұранысты толығымен қамтуға жетеді.

А.МҰХАМЕДЖАНОВА

Павлодар ауданы

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30