ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК. ОБЛЫСТЫҚ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ ҰСЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕР.

Қазіргі таңдағы демография

2010 жылдың 1 тамызында Павлодар облысындағы халық саны 751,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде – 66,8% және ауылдық жерде – 33,2%.

Ағымдағы жылдың 7 айы ішінде облыс бойынша 7165 туу тіркелді, бұл көрсеткіш 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға төмен. Қалалық жерде туғандардың саны 5,7%-ға, ал ауылдық жерде 0,1%-ға төмендеді. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 16,3 туғандар санын құрады.

Осы кезеңде қайтыс болғандардың саны 4837 адамды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,7%-ға артық. Қалалық жерде өлгендердің саны 3,6%-ға және ауылдық жерде 3,9%-ға көбейді. 1000 адамға шаққандағы өлімнің жалпы коэффициенті 10,9 өлгендерді құрады.

Өлімнің негізгі себептері қан айналым жүйесінің аурулары болып табылады, осы аурулардың үлесі барлық тіркелген өлім жағдайларының 54,2%-ын құрайды.

Ағымдағы жылдың 7 айында АХАЖ органдарында тіркелген неке саны 7,7%-ға, ал ажырасу саны 8,6%-ға ұлғайды.

2010 жылдың қаңтаршілдесінде 3299 неке және 1633 ажырасу тіркелді. 1000 адамға есептегендегі неке және ажырасудың жалпы коэффициенті 8,6 неке және 3,7 ажырасуды құрады.

Ағымдағы жылдың 7 айы ішінде облысымыздан республика шегінен тыс жерлерге 1180 адам көшіп кетті (2009 жылдың қаңтаршілдесінде – 1667 адам), соның ішінде 1068 адам ТМД елдеріне және 112 адам әлемнің басқа елдеріне қоныс аударды. Сыртқы көші-қон арқылы келгендердің саны 654 адамды құрады, соның ішінде ТМД елдерінен – 471 адам және әлемнің басқа да елдерінен – 183 адам.

 

2009 жылғы Павлодар облысындағы негізгі қорлар

2010 жылдың басында негізгі қорлардың құны 1 111 млрд. теңгені, баланстық құны (тозуды алып қалумен) 690 млрд. теңгені құрады. Негізгі қаражаттың тозуының деңгейі бір жыл ішінде 2,9 пайыздық тармаққа артты және 37,9%-ды құрады. 2009 жылы 156,5 миллиард теңге сомасында негізгі қаражат түсті, соның ішінде 107,4 миллиард теңге сомасында жаңа негізгі қаражат енгізілді.

Жаңару коэффициенті 9,7%-ды құрады. Негізгі қаражаттың жаңаруы өңдеу өнеркәсібінде едәуір қарқынды өтті, коэффициенті 13,4%ды құрады.

100,1 млрд. теңге сомасында негізгі қаражат шығындалды, оның ішінде 5,5 млрд. теңге есептен шығарылды. Тарату коэффициенті 0,5%-ды құрады.

Ең жоғары тарату коэффициенті және тозу деңгейі кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында қалыптасты –8,4% және сәйкесінше 70,8%.

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Жаңару коэффициентіжыл бойы енгізілген негізгі қаражаттың жыл соңындағы олардың бар болуына үлес салмағы.

Тарату коэффициентіжыл бойы таратылған негізгі қаражаттың жыл басына олардың бар болуына қатынасы.

 

Облыстық статистика департаменті.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30