ДЕРЕКТЕР МЕН ДӘЙЕКТЕР

2010 жылдың алғашқы 9 айындағы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

2010 жылдың 1 жартыжылдығындағы Павлодар облысында өндірілген жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі 495,2 миллиард теңгені құрады және 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты есептеуде 41,2%-ға ұлғайды. Облыстың республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы 5,4%-ды құрады.

Жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары көлемі өнеркәсіп саласына келеді – 245,3 млрд.теңге (49,5%).

Облыстағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ шамасы 659,5 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 15,8%-ға (569,6 мың теңгеге) жоғары.

 

ДЕМОГРАФИЯ

2010 жылдың 1 қыркүйегіне Павлодар облысы халқының есепті саны 752,2 мың адамды құрады. Қала халқы – 502,9 мың адам (66,9%), ал ауыл халқы – 249,3 мың адам (33,1%).

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айлар бойы облыс бойынша 8307 туғандар саны тіркелді, бұл 2009 жылға қарағанда 2%-ға аз көрсеткіш.

Осы уақыт ішінде 5493 адам қайтыс болды (3,4%-ға артық). Бұрынғыдай, қанайналым жүйесі аурулары салдарынан өлім-жітім саны көбейді. Осы себептен қайтыс болғандардың үлес салмағы 2010 жылдың қаңтар-тамызында 53,7%-ды құрады.

Халықтың табиғи өсімі 2814 адамды құрады, сонымен қатар қалалық жерде 1935 адам, ауылдық жерде 879 адам санының өсуі байқалды.

Неке органдарында тіркелген неке саны 2010 жылдың 8 айы ішінде 3,8%-ға және ажырасу 7,5%-ға ұлғайды. Көрсетілген кезеңде барлығы 4001 неке және 1856 ажырасу тіркелді.

2010 жылдың 8 айы ішінде облыстан республика шегіне 1302 адам көшіп кетті, соның ішінде ТМД елдеріне 1184 адам және әлемнің басқа елдеріне 118 адам қоныс аударды (2009 жылдың қаңтар-тамызында 1936 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 1792 және әлемнің басқа елдеріне 144 адам).

2010 жылдың қаңтар-тамызында ТМД елдерінен көшіп келгендердің саны 561 адамды, ал әлемнің басқа елдерінен көшіп келгендердің саны 144 адамды құрады.

 

БАҒА

2010 жылдың 9 айында тұтыну бағасының индексі 105,9%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 5,2%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 3,5%-ға, ақылы қызметтер – 8,9%-ға өсті.

Облыстың тұтыну нарығында 2010 жылдың 9 айындағы нан тағамдары мен жарма өнімдерінің бағасы 0,1%-ға төмендеді: ұнтақ жармасы – 12,1%-ға, нан – 7,9%-ға, күріш – 1,8%-ға, кеспе – 0,8%-ға, жұмыртқа – 19,3%-ға арзандады.

Сүт өнімдерінің топтары бойынша бағаның 6,5%-ға өсуі байқалды, пастерленген сүт – 5,8%-ға, айран – 17,5%-ға, қаймақ – 13,9%-ға өсті. Жеміс пен көкөністердің бағасы 12,7%-ға өсті: осы топтағы тауар бағаларының едәуір өсуі бас пияз (61,8%), сарымсақ (37,3%), сәбіз (34,4%), қырыққабат (28,5%), қызылша (22,7%), алмадан (16,9%) байқалды, алайда қызанақ (39,5%-ға), қияр бағасы (52,3%-ға) төмендеді.

2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде күнбағыс майының бағасы – 10,2%-ға, ет және ет өнімдері – 7,8%-ға, балық пен теңіз өнімдері – 4%-ға, қант бағасы – 4,8%-ға өсуі байқалды.

2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ақылы қызметтер бағасы 8,9%-ға қымбаттады. Көлік қызметінің төлемақысы 9,7%-ға: автобус – 6,1%-ға, поезд – 23,7%-ға, трамвай – 16,7%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық қызметінің тарифтері – 10,1%-ға, білім беру қызметтері– 18,2%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 4,8%-ға, қонақ үйлерде орналасу – 4,7%-ға өсті.

Азық-түлік емес тауарлар нарығындағы бағалар, фармацевтикалық препараттарға – 15,7%-ға, кеңсе тауарларына – 7,2%, бензинге – 4,2%, тұрмыстық заттарға – 2,5%, баспа басылымдарына – 2,3%, жуғыш және тазалайтын заттарға – 1,5%-ға, киім-кешек және аяқ-киімге – 2,7%-ға едәуір өсті, ал цемент – 17,4%-ға, дизель отыны – 8%-ға арзандады.

2010 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындарының баға индексі 111,7%-ды құрады. Өндірілген өнім бағасы 11,6%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтер – 13,5%-ға өсті.

Өңдеу өнеркәсібіндегі баға 9,7%-ға, кен өндіру өнеркәсібінде – 1%-ға, электр энергияны, газ бен суды өндіру және бөлуде – 25,1%-ға өсті.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткізілген өнімнің бағасы 5,5%-ға, мал шаруашылығы өнімі – 8,4%-ға өсті және өсімдік шаруашылығы өнімінің бағасы 1,8%-ға төмендеді.

Қыркүйек айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары негізінде есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13058 теңгені құрады, бұл орташа республикалықтан (14353 теңге) 9%-ға төмен көрсеткіш.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыстағы ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы көлемі 2010 жылдың қаңтарқыркүйек айларында 45,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,6%-ға артық көрсеткіш.

2010 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша облыста құстан басқа барлық мал түрінің саны ұлғайды.

Облыс бойынша ірі қара мал саны 1%-ға, қой – 5,8%-ға, ешкі – 9,8%-ға, жылқы – 5,1%-ға, шошқа – 4,2%-ға көбейді және құс саны 2,1%-ға азайды. Баянауыл ауданында ірі қара мал басының ең жоғары саны тіркелді, яғни қой мен ешкі, жылқы саны сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 16,3%, 25%, 17,6%-ды құрады. Шошқаның едәуір саны Ақсу қ.ә. – 22,6% және құстың едәуір саны Шарбақты ауданында – 28,8% тіркелді.

2010 жылғы 1 қазанда облыс бойынша алынған бұзау төлдері – 147,8 мың бас (2009 жылға 99,9%), торай – 120,1 мың бас (103,2%), қозы – 224,6 мың (102,4%), лақ – 31,3 мың (101,9%), құлын саны – 28,4 мың бас (103,8%). 100 төлдейтін малға есептегенде құлын мен лақтың түсімі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда сәйкесінше 103,8% және 101,9%-ды құрады.

2010 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша облыста өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 624-ке қарсы 1780 ірі қара мал басы, 12323-ке қарсы 8196 шошқа, 852-ге қарсы 4488 қой мен ешкі және 113-ке қарсы 401 жылқы басының өлгені тіркелді.

2010 жылдың қаңтарқыркүйегінде тірідей салмақта 49 мың тонна мал мен құс еті өндірілді (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,7%), 286 мың тонна сүт (100,7%) және 144 млн. дана тауық жұмыртқасы (114,2%) алынды.

Шаруа қожалықтарында ет, сүт өндіру ұлғайды, ал ауыл шаруашылық кәсіпорындарында керісінше азайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жұмыртқа өндіру 24%-ға ұлғайды және үй шаруашылықтарында – 1,3%-ға, шаруа қожалықтарында – 16,8%-ға азайды.

Облыс бойынша бір сиырдан алынған сүттің орташа сауылымы 2010 жылдың қаңтарқыркүйгінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2008-ге қарсы 2032 кг құрады, бір мекиен-тауықтан алынған орташа жұмыртқа түсімі 150-ге қарсы 152 жұмыртқаны құрады.

 

ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 2009 жылдың қаңтарқыркүйектегі деңгейге қарағанда 30,4 млрд. теңгені, немесе 100,8%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 95,9%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне 2,6%-дан, мемлекеттік мердігерлерінің үлесіне 1,5%-дан келеді.

2010 жылдың қаңтарқыркүйегінде 182 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, оның 103-і тұрғын үй және 79-ы тұрғын емес. Едәуір үлесті көлік және байланыс (35,4%) объектілері құрайды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 30,9%-ға төмендеді және 40,7 мың шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (84,6%).

Облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 120,3 млрд. теңге немесе 2009 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге 21,7%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 3,8%-ды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көзі бойынша 64,6%-ды кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты құрады, қарыз қаражаты үлесіне 20,9%-дан келді, бюджет қаражаты 14,5%-ды қрады.

Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар 35,4%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, мүкәммал – 61,6%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 3%-ды құрады.

Инвестициялау үшін өңдеу өнеркәсібі (облыстық көлемнен 36,6%), электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптау (27%) басым болып келеді. Өңдеу өнеркәсібінде инвесторлар үшін едәуір үлесті түсті металдарды өндіру (54,8%) алады.

 

ӨНЕРКӘСІП

2010 жылдың қаңтарқыркүйегінде Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 604,5 млрд. теңге сомасында өнім (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 124,7%-ға жетті. Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы республикалық көлеміндегі үлесі 7,2%-ға тең.

Өнеркәсіп өндірісінің 9,4%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 16,7%-ға ұлғаюы байқалды. Бұл тас көмір өндіру көлемінің 13,2%-ға және лигниттің 36%-ға ұлғаюына байланысты.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 66,5%-ынан келеді. Өнеркәсіптің осы секторындағы нақты көлем индексі 127,9%-ды құрады. Өндіріс көлемінің өсуі негізінен химия өнеркәсібіндегі көлемнің 31,6%-ға, металлургия өнеркәсібінде 27,9%-ға ұлғаюы есебінен болды, оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлес салмағы 77,5%-ды құрады. Ферроқорытпаларды өндіру 1,3 есеге, ал өңделмеген алюминийді өндіру 1,8 есеге артты.

Өнеркәсіп өндірісінің 22,1%-ын құрайтын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда нақты көлем индексі 113,5%-ға тең. Электр энергияны өндіру – 12,2%-ға және жылу энергиясын өндіру 7,2%-ға ұлғайды.

Өнеркәсіп өндірісінің 2%-ын құрайтын сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда нақты көлем индексі 105,1%-ды құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен Павлодар қаласының үлесіне 261 млрд. теңге немесе 43,2%-дан келеді, Ақсу қ. үлесіне – 217,1 млрд. теңгеден (35,9%) және Екібастұз қ. үлесіне 110,7 млрд. теңгеден (18,3%) келеді. Өнімнің нақты көлем индексі Павлодар қ. – 117,3%-ды, Ақсу қ. – 123,2%-ды және Екібастұз қ. бойынша 121,4%-ды құрады.

Өндіріс көлемінің 94,9%-ын жұмыс істейтіндердің саны 50-ден асатын кәсіпорындар жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындардың мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар өнімінің үлес салмағы тек 0,2%-ды құрайды; өнімнің 84,5%-ы мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері меншігіндегі кәсіпорындарға келеді; 15,3%-ын басқа мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар өнімі алады.

 

КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

2010 жылдың қаңтарқыркүйегіндегі облыс көлігімен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 53,7 млн. тоннаны құрады, бұл 2009 жылдың қаңтарқыркүйегіне қарағанда 15,1%-ға артық көрсеткіш. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 11%-ға, ал магистральды құбыр бойынша 25,2%-ға ұлғайды.

Облыс көлігінің жолаушылар айналымы 16,9%-ға ұлғайды және 9,8 млрд. жолаушы-километрді құрады.

2010 жылдың 9 айындағы пошталық және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 260,7 млн. теңгені және нақты көлем индексі 100,9%-ды құрады.

Облыстың электр байланыс кәсіпорындарымен ағымдағы жылдың 9 айында 6,2 млрд. теңге сомасында қызмет көрсетілді. Нақты көлем индексі 111%-ға тең. Халыққа көрсетілген электр байланыс қызметінің өткізу үлесі 63,1%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты халықаралық және қалааралық телефон байланысы 25,6%-ды, Интернет желісі қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі 21,1%-ды алады.

 

ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ

Ағымдағы жылдың қаңтарқыркүйегіндегі бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 82,7 млрд. теңгеге жетті және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға ұлғайды.

Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек тауар айналымының үлесі 43,4%-ды құрады. Осы кәсіпорындар тауар айналымының нақты көлем индексі – 108,5%.

Облыстың көтерме нарығындағы өткен кезең ішіндегі сату көлемі 142,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 18,4%-ға артық көрсеткіш.

Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді, мотоциклдерді жөндеу бойынша кәсіпорындармен 660,7 млн. теңге сомасында қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға артық көрсеткіш.

Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 2,7 млрд. теңге деңгейінде. Нақты көлем индексі 132%-ға тең.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ

2010 жылдың қаңтартамызындағы облыстың ірі және орта кәсіпорындар тобы бойынша облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 172,4 мың адамға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,5%-ға артық.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 64871 теңге, оның өсуі 2009 жылдың қаңтартамызымен салыстырғанда 14,7% құрады. Нақты жалақы мөлшері 7,3%-ға артты.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер еңбек ақысының едәуір жоғарылауы өңдеу өнеркәсібінде, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерде; тұру және тамақтану бойынша қызметтерде; ауыл, орман және балық шаруашылықтарында сәйкесінше 17,4; 14,4; 15,7 және 13,7%%-ға байқалды.

Аумақтық бөлікте ең жоғарғы жалақы Ақсу қ.ә. – 72194 теңге, Екібастұз қ.ә. – 68057 теңге және Павлодар қ.ә. – 66554 теңге.

2010 жылдың қаңтарқыркүйегінде жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға (Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша) жұмыс іздеп жүрген 22447 адам өтінді, бұл 2009 жылдың қаңтарқыркүйегіне қарағанда 6748 адамға аз, оның ішінде ауылдық жерде тұратындар - 2159 адам. 16069 адам немесе өтінгендер санының 71,6%-ы, соның ішінде ауыл тұрғындарының 5766-сы жұмысқа орналастырылды.

2010 жылдың қыркүйек айының соңына жұмысқа орналастыру мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарға ұйымдар тарапынан берілген жұмыскерлерге деген қажеттілік 1339 адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 565 адамға аз.

Жұмыспен қамту мәсілесі жөніндегі уәкілетті органдардың есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 2010 жылдың 1 қазанына 2440 адамды құрады, бұл 2009 жылдың тиісті мерзіміне қарағанда 874 адамға аз.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі – 0,5%-ды құрады.

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

2010 жылдың 1 қазанына нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға ұлғайды және 22,4 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 2,9 мың – заңды тұлға, 16,7 мың – жеке кәсіпкер, 2,9 мың – шаруа қожалығы. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 0,2%-ға ұлғайды және 85,9 мың адамға жетті. 2010 жылдың қаңтар – қыркүйегіндегі шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағада) 6,9%-ға ұлғайды және 114 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес саомағы 2,8%-ды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 86,2 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 15,5 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен 12,3 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді.

Облыстық статистика департаменті.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31