ДЕРЕКТЕР МЕН ДӘЙЕКТЕР

Көрсетілген көлік қызметі

2010 жылдың 9 айындағы Павлодар облысының көліктерімен жүзеге асырылған жүк тасымалдау көлемі 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға артты және 53,7 млн. тонна жүкті құрады.

Көліктік жүк айналымы 13,8 млрд. тонно-километрді құрады, бұл 30,3%-ға артық, оның ішінде автомобильдік жүк тасымалдау 1,7 есеге ұлғайып, 4,2 млрд. тонна-километрді құрады.

Облыстық көліктердің жолаушылар айналымы 2009 жылдың қаңтар–қыркүйек айларымен салыстырғанда 16,9%-ға өсіп, 9,8 млрд. жолаушы-километрді құрады. 551,5 миллион жолаушыларды тасымалдау жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылдың 9 айында әуе қатынасы көліктерімен 3,5 мың адам тасымалданды, бұл 1,7 есеге ұлғайды, жолаушылар айналымы 1,5 есеге өсіп, 8,6 млн. жолаушы-километрді құрады

 

Сату көлемі артуда

2010 жылдың қаңтар – қыркүйегіндегі бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 82,7 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 14,3%-ға артық көрсеткіш.

Сауда кәсіпорындары бөлшек тауар айналымының жалпы көлеміндегі үлесі 43,4%-ды, немесе 35,9 млрд. теңгені құрады.

Рыноктағы және бөлшек саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлердің сату көлемі 46,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 119,2%-ға тең.

Облыстың көтерме сауда нарығында сату көлемі өткен мерзім ішінде 142,1 млрд. теңгені құрады, бұл 18,4%-ға артық көрсеткіш.

Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 2,7 млрд. теңгені құрады және 32%-ға артты.

Автомобильдер, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша 660,7 млн. теңге сомасына қызмет көрсетілді, бұл 11,1%-ға артық көрсеткіш.

 

Құрылыс көлемі өсті

2010 жылдың 1 қазанына кіші құрылыс ұйымдары және жеке кәсіпкерлермен орындалған мердігерлік жұмыстардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,5%-ға артты және 25 млрд. теңгені құрады (мердігерлік жұмыстар жалпы көлемінің 64,7%-ы). Жеке кәсіпкерлермен орындалған құрылыс жұмыстарының үлестік салмағы жалпы көлемнің 0,8%-ын құрады.

Мердігерлік жұмыстардың құрылымында 70,4%-ды құрылыс-монтаж жұмыстары алады. Күрделі жөндеуге 18,1%, ағымдағы жөндеуге 8,5%, мердігерлік жұмыстардың басқа түрлеріне 3% келеді.

Құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша жолдар мен автомагистральдарды салуға 18,4%, ғимараттарды салуға – 17,2%, инженерлік және басқа объектілерді салуға – 14,1%, сумен қамтамасыз ету, жылу беру және ауаны баптау жүйелерін орнатуға – 12,8% келеді.

Шағын құрылыс ұйымдары мен құрылыс жұмыстарымен айналысатын жеке кәсіпкерлердің едәуір саны Павлодар (69,9%) және Екібастұз қаласына (20,8%) келеді.

 

Облыстық статистика департаменті.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30