АҚСУДА ӨНIМ ӨНДIРУ КӨРСЕТКIШТЕРI АРТЫП КЕЛЕДI

      

Өңірдің өндірістік кәсіпорындарымен өнім шығару қарқыны өсіп келеді.
Сондай-ақ, өндірісті инновациялау және модернизациялау жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
Есепті кезеңде 116,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Энергетиктер 5854,5 млн. кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Көмір шығару көлемі 8778,1 мың тоннаны құрады. Ақсу зауытындағы ферроқорытпа өндірісі 534890 тоннаны құрады.
1929 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Олар 414,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, жұмыспен қамтылғандар саны - 4882 адам. Төленген салық көлемі - 89,8 миллион теңге.
     Өндірілген ет - 2174,8 тонна, сүт - 11168,1 тонна, жұмыртқа - 19,2 миллион дана. Ірі қара мал басы 38,9 мың басқа жетті, оның ішінде сиыр - 13,1 мың бас, қой - 35,8 мың бас, жылқы - 5,7 мың бас, шошқа - 23,2 мың бас, құс - 308 мың дана.
Коммуналдық сала жұмыстары мен өңірдің инфрақұрылымын дамытуда тұрақтылық байқалады.
     Жолаушыларды қала ішінде және одан тыс жерлерге тасымалдайтын Ақсу кәсіпорны және 4 жеке кәсіпкер кедергісіз жұмыс істеуде. 2010 жылдың есепті кезеңінде жолаушылар айналымы 38,6 млн. жолаушы/километрді құрады.
     Ақсу телекоммуникация торабының жоспарлы жұмысы жалғасуда. Аналогтық станциялар сандық құрылғыларға ауыстырылуда. Айнакөл, Сарышығанақ және Қызылжар ауылдық округтеріне қарасты шағын ауылдарды телефондандыру аяқталып, соңғы үлгідегі сымсыз телефондар орнатылды. 2010 жылдың 1 маусымына телефондық желі 19446 нөмірді құрайды.
     Өңірдің телекоммуникация желісін дамыту үшін «Қазақтелеком» АҚ-мен 2010 жылы 2880,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Бұл шаралар ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанына жоспарланған.
     Пошта қызметінің материалдық базасы нығайып келеді. 2009 жылдың қараша айынан бастап қайта пайдалануға берілген Қызылжар ауылдық округінде пошта бөлімшесі ашылды.
     Қаланың шағын аудандарын және ауылдық елді мекендерді көріктендіру, жарықтандыру, жаяу жолдар мен автожолдарды жөндеу жөніндегі іс-шаралар өткізілуде. Коммуналдық кәсіпорынның жұмысы үшін автомұнара сатып алынды. Көп қабатты тұрғын үйлердегі 25 іске жарамсыз лифтінің 21-і іске қосылды.
Ақсу қаласының Дөнентаев, Амангелді, Ертіс, Абай, Желтоқсан көшелерінің жолдары жөнделіп, қаланың барлық көшелерінің шұңқырлары тегістелді. Қаланың ескі бөлігінің және жеке кенттің көшелеріне қиыршық тастар төселді. Әуезов және Энтузиастар көшелерінің бойына жаңа бордюрлер салынды. Сондай-ақ, Әуезов, Энтузиастар, Астана, Жағажай, Царев көшелеріне және қалалық саябаққа жалпы көлемі 4700 шаршы метр жерге гүлдер егіліп, 800 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Әуезов көшесінде жаңа жарықтандыру желісі орнатылды.
     Ескірген 46 жол белгілері ауыстырылды. Елді мекендерді көріктендіру мақсатында қаланың көшелері мен аулаларында 200 шағын нысан орнатылды. Қалалық жағажай мен «Караван» сауда үйінің алдындағы алаң тиісті деңгейде күтіп-бапталады.
Қалқаман, Парамоновка, Үштерек ауылдарындағы су құбырларын қалпына келтіру үшін 2010 жылы республикалық бюджеттен 150,0 млн. теңге қарастырылған. Есепті кезеңде осы қаржының 90,0 млн. теңгесі игерілді.
     Ақсу қаласының коллекторын, су арнасын және бірінші көтерімдегі су сору станциясын қайта қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 374511,0 теңге қаржы қарастырылды. Есепті кезеңде аталмыш қаражаттың 179474,0 мың теңгесі игерілді.
     Ақсу ферроқорытпа зауытымен қаланың 4-ші шағын ауданында зауыт қызметкерлері үшін 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
     Өңірдің дамуына Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында ұсынған «Жол картасы» оң әсерін тигізді.
«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы 150 әлеуметтік жұмыс орындарын, «Жастар практикасы» бойынша 60 жұмыс орнын ашу, кәсіптік дайындық пен қайта даярлауға 160 адамды жіберу жоспарланып отыр. Осы іс-шараларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттін 25200,0 мың теңге трансферттер бөлінді.
     «Жол картасын» жүзеге асыру аясында 4 нысанға (орталық кітапхана, мемлекеттік мұрағат, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі, жолдарды жөндеу) 185 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.
Қаланың ұзындығы 6,5 шақырым жылу трассасы жөндеуден өтті. Черемушки және Беловка ауылдарында 81600 шаршы метр жерге асфальт төселді. Сондай-ақ, 60 көп қабатты тұрғын үйдің жанындағы жаяу жолдар, суда жүзу бассейні, стадион, салық басқармасы, «Чайка» дүкені, № 3 және № 19 кәсіптік лицейлер алдындағы алаңдар асфальтталып, 4-ші шағын аудандағы жаңа мектеп пен емханаға жол салынды, сонымен қатар, Айнакөл, М.Омаров, Қалқаман, Үштерек және Парамоновка ауылдарына кіреберіс жолдар жөнделіп, Сольветка-Пограничник арасындағы жолға асфальт төселді.
     Даңқ ескерткіші, қуғын-сүргін құрбандары ескерткіші және Ауған соғысында қаза тапқандарға орнатылған ескерткіш, Қаныш Сәтбаев бюсінің аумақтарында жалпы көлемі 6000 шаршы метр жерге брусчатка төселді.
     Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында 302 жаңа жұмыс орындары ашылып, 236 адам жаңа мамандықтарды меңгерді. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында жастар практикасы бойынша қаланың кәсіпорындары мен мекемелеріне 46 адам жіберілді.
     «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2009 жылдың желтоқсан айында 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп құрылысы аяқталды. Ол үшін 1,4 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Осы бағдарламаның аясында 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап ауысымына 500 адам қабылдайтын жаңа емхана пайдалануға берілді. Бұл үшін республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге қаржы бөлінді.
     2010 жылдың басынан бастап тіркелген жұмыссыздар санынан 567 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздар тіркеуінде тұрғандар саны - 392 адам. Қалалық бюджеттен қоғамдық жұмыстар үшін 27 млн. теңге қаржы бөлінді. Қоғамдық жұмыстарға 297 адам жіберіліп, есепті кезеңде өңір бойынша 214 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.
     Қазіргі күні төмендегідей мәселелерді шешу қажет: қаланың су құбырларын қайта қалпына келтіру, тұрғын үй қорын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, елді мекендерді көріктендіру жұмыстарын жалғастыру, Ақсу қаласы мен Ақсу кенті арасындағы автожолды тұрақты жарықтандыруды ұйымдастыру, мәдениет және демалыс паркін көріктендіру.
     Балабақшалардағы орын тапшылығын жою мақсатында 2010 жылдан бастап қаланың 4-ші шағын ауданында 280 орынға шақталған жаңа балабақшаның құрылысы басталады. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қосымша 6 шағын орталық ашылмақ.


Статистика органының мәліметтері бойынша әзірлеген - Е.ЖҰМАДІЛОВ,
Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31