Жоғары оқу орындарындағы жағдай
2010/2011 оқу жылының басында Павлодар облысында жалпы студенттер саны 21 755 адамды құрайтын 4 жоғары оқу орны жұмыс істейтіні тіркелді. Жоғары оқу орындарының екеуі мемлекеттік болып саналады, онда 14 375 студент немесе студенттердің жалпы санының 66%-ы оқиды. Студенттердің жалпы санынан қыздар 59,7%-ды құрайды. Күндізгі бөлімде студенттердің 46,4%-ы, сырттай – 44,5%-ы және кешкі бөлімде 9,1%-ы білім алуда.
Студенттердің едәуір саны (92,1%-ы) Павлодар қаласында, ал 7,9%-ы Екібастұз қаласында оқиды.
Ақылы негізде 15 858 адам (студенттердің жалпы санынан 72,9%-ы), мемлекеттік білім беру гранттары есебінен – 5 789 (26,6%) және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 108 адам (0,5%) оқып жүр.
Мемлекеттік тілде оқитын студенттер саны 5 430 құрады.
Барлық студенттердің 64,8%-ын қазақтар, 27,6%-ын – орыстар, 2,6%-ын – украиндар, 1,6%-ын – татарлар, 1,6%-ын – немістер және 1,8%-ын басқа ұлттар құрайды.
Атап кететін жайт, облыстың жоғары оқу орындарында алыс шетелден келген 21 студент, олардың ішінде Монғолиядан – 15 студент, Германия, Оңтүстік Кореядан, Қытайдан – 2 студенттен оқып жүр. ТМД елдерінен келген 97 студенттің ішінен 73%-ын Ресейден келгендер құрайды.
Ағымдағы оқу жылының басында 7 538 адам оқуға қабылданды, бұл алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Ауыл жастары санынан квота бойынша 1712 студент және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетімдер санынан 38 студент оқып жүр.
2009/2010 оқу жылының қорытындысы бойынша білікті мамандар ретінде 6 158 адам оқу орындарын бітіріп шықты, оның ішінде 66%-ы – қыздар. Жоғары арнаулы білім алғандар саны – 0,1%-ға, бакалавр академиялық дәрежесі барлар – 99,9%-ға тең.
Оқуды аяқтаған білікті мамандардың жалпы санындағы едәуір үлес салмағын келесі мамандықтар алады: техникалық ғылым және технологиялар – 27%, педагогикалық мамандықтар – 30%, әлеуметтік ғылым және бизнес – 23%, құқық – 8%, табиғи ғылым шамаман 4%, қызмет көрсету – 2%, ауыл шаруашылық ғылым – 1,1 %.
Мамандарды даярлаумен 1 296 оқытушы айналысады, оның 327-і магистр академиялық дәрежесіне, 89-ы – доктор ғылыми дәрежесіне, 500-і – ғылым кандидаты, 60-ы – профессор ғылыми атағына және 230 оқытушы доцент атағына ие.
Мектептердің үлес салмағы
2010/2011 оқу жылының басына облыста 429 күндізгі жалпы білім беру мектебі жұмыс істеді (9-ы арнайы түзету мектептері). Оның ішінде 103-і (24%) – қалалық жерде және 326-сы (76%) ауылдық жерде орналасқан. Мектептердің 99,1%-ы – мемлекет меншігінде. Алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда мектептердің жалпы саны екі бірлікке азайды.
Күндізгі жалпы білім беру мектептеріндегі оқитындар саны 93 344 адамды құрады, бұл 2009/2010 оқу жылымен салыстырғанда 1,3%-ға аз. Оның ішінде мемлекеттік емес мектептерде 117 адам немесе барлық оқитындар санының 0,1%-ы оқып жүр.
Мектептердің едәуір саны Павлодар (мектептердің жалпы санының 14,9%-ы) және Екібастұз қала әкімдіктерінде (12,1%-ы) тіркелді.
Оқитындардың жалпы санынан (арнайы түзету ұйымдарында оқитындарын қоспағанда) білім берудің бастауыш сатысында (1-4 сыныпта) 38,3%-ы, 48,4%-ы негізгі сатыда (5-9 сыныпта) оқиды және 13,3%-ы жоғары (10-11) сынып оқушылары.
Облыста әртүрлі пәндер бойынша тереңдетіп оқытуға 187 мектептің мүмкіндігі бар, оның ішінде 12 мектеп гимназиялық және 7 мектеп лицей сыныптары барлар. Аталмыш мектептердегі оқитындар саны 15 111 адамды құрады.
150 мектепте оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі, ондағы оқитындар саны 22 229 адамды құрады, 113 мектепте оқыту орыс тілінде жүргізіледі, онда оқитындар саны 30 405 адамды құрады, 157 мектепте оқыту екі тілде жүргізіледі, онда оқитындар саны 36 649 адамды құрады.
Облыс мектептерінде 61 ұлт өкілі оқып жүр. Оның ішінде қазақтар 59,6%-ды, орыстар 28,6%-ды, украиндар 3,9%-ды, немістер 3%-ды, татарлар 1,5%-ды, белорустар 0,5%-ды және өзге ұлт өкілдері 2,9%-ды құрады.
2010/2011 оқу жылында ғимараттардың техникалық жағдайы бойынша мектептердің 0,2%-ы апаттық күйде, ал 21,4%-ына күрделі жөндеу қажет. Мектептердің 94,4%-ы информатика және есептеу техникасының негізі кабинеттерімен жабдықталған.
Мектептердің 74%-ында медициналық кабинет және 53%-ында психолог кабинеті бар.
Мектептердің 89%-ында кітапханалар жұмыс істейді, олардағы кітап қоры 6 млн. дана кітапты құрайды, оның ішінде 47%-ы – мектеп оқулықтары. Мектептердің 48%-ында оқу залдары бар. Мектептердің жалпы санының 89%-ында ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана немесе буфет бар.
2010/2011 оқу жылында күндізгі жалпы білім беретін мектептерде ана тілімен қатар ағылшын, неміс, түрік, француз тілдерін оқыту қатар жүрді. Оқушылардың 90%-ы ағылшын тілін оқуға ерекше қызығушылық танытады.
Облыста күндізгі жалпы білім беру мектептеріндегі мұғалімдердің жалпы саны 12,3 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық жерде жұмыс істейтіндер 42,8%-ды, ал ауылдық жердегілер 57,2%-ды құрайды.
Облыстық статистика департаменті.

