Білім беру ұйымдарының ұлттық құрамы
2010/2011 оқу жылының басына Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқитындар саны 30053 адамды құрады, олардың ішінде 57,3%-ын – қазақтар, 31,4%-ын – орыстар, 3,8%-ын – украиндар, 2,8%-ын – немістер, 0,5%-ын – белорустар, 4,2%-ын өзге ұлт өкілдері құрады.
Кәсіптік лицейлер мен колледждерде Моңғолиядан келген 20 оқушы оқиды. ТМД елдерінен келген 102 оқушының ішінен 86%-ын Ресейден келгендер құрайды.
Оқыту мекемелерінің жағдайы
2010/2011 оқу жылының басына Павлодар облысында техникалық және кәсіптік білім берудің 53 өздігінен жұмыс істейтін ұйымдары және 4 филиалдары қызмет етті. Оқу орындарының жалпы санынан 25-сі – кәсіптік лицейлер. 38 оқу орны мемлекеттік болып табылады (жалпы санының 72%-ы), онда 20384 адам білім алуда.
Оқушылардың жалпы саны 30053 адамды құрады, олардың ішінен 13604 адам (46%) – қыздар. 2009/2010 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 6,4%-ға қысқарды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ғимараттарының жалпы алаңы 2010/2011 оқу жылының басына 285 мың шаршы метрді құрады, одан 276 шаршы метр, немесе 97%-ы оқу орындарының өз меншігі болып табылады.
Білікті мамандар саны 3%-ға көбейді
2010/2011 оқу жылының басына Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқушыларының саны 30053 адамды құрады, олардың ішінен 58,6%-ы негізгі орта білім беру базасында, 38,6%-ы – жалпы білім беру базасында, 2,8%-ы – кәсіптік лицей базасында оқыды.
Күндізгі бөлімде оқушылардың 75,4%-ы, сырттай бөлімде – 24,6%-ы білім алады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 14113 адам оқиды (оқушылардың жалпы санынан 47%-ы), ақылы білім беру қызметтерін 15940 адам (53%) алады.
Мемлекеттік тілде оқитын оқушылар саны оқушылардың жалпы санынан 16,6%-ды құрайды.
Білікті кадрларды дайындау 11224 адамды құрады, бұл - өткен оқу жылымен салыстырғанда 3%-ға артық көрсеткіш.
Бітірген білікті кадрлардың жалпы санынан экономикалық, білім беру, көлік, гуманитарлық, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, информатика және есептеуіш техника мамандықтарына елеулі үлес салмақтан келеді.
Сату көлемі артуда
2010 жылдың қаңтар айында Павлодар облысындағы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 10,3%-ға артты және 10,1 млрд. теңгеге жетті.
Сауда кәсіпорындары бөлшек тауар айналымының жалпы көлеміндегі үлесі 37,4%-ды немесе 3,8 млрд. теңгені құрады.
Рыноктағы және бөлшек саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлердің сату көлемі 6,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 129,2%-ға тең.
Облыстың көтерме сауда нарығында сату көлемі 2,1%-ға артты және 11,3 млрд. теңгені құрады.
Жүк тасымалы
2011 жылдың қаңтар айындағы Павлодар облысының көліктерімен жүзеге асырылған жүк тасымалдау көлемі 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артты және 5,5 млн. тонна жүкті құрады.
Көліктік жүк айналымы 1,5 млрд. тонна-километрді құрады, бұл 29,7%-ға артық. Оның ішінде автомобильдік жүк тасымалдау 1,8 есеге ұлғайып, 0,3 млрд. тонна-километрді құрады.
Облыстық көліктердің жолаушылар айналымы 2010 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 44,4%-ға өсіп, 1,4 млрд. жолаушы километрге жетті. 71,8 миллион жолаушыларды тасымалдау жүзеге асырылды.
Оқытушылар құрамы
2010/2011 оқу жылының басына Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 2127 оқытушы және 351 өндірістік оқыту шебері жұмыспен қамтылды, олардың арасындағы әйелдердің үлес салмағы сәйкесінше 76% және 54%-ды құрайды.
Педагогикалық қызметкерлердің жалпы санынан 1898 адам, немесе 89%-ы оқу орындарының штатында тұр, штаттық қоса атқару негізінде 11%-ы алынды. 671 оқытушы және 36 өндірістік оқыту шебері жоғары санатқа ие, бұл олардың жалпы санынан сәйкесінше 31,5% және 10,3%-ды құрайды.
Оқытушылардың 95%-ы және өндірістік оқыту шеберлерінің 44%-ы - жоғары білімді.
Облыстық статистика департаменті.

