2011 жылдың 1 тоқсанындағы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Павлодар облысы Статистика департаментімен 2011 жылдың қаңтар–наурызындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жасалды
ӨНЕРКӘСІП
2011 жылдың қаңтар–наурызында Павлодар облысының өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарымен 249,7 млрд. теңге сомасында өнім (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ға жетті. Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы республикалық көлеміндегі үлесі 6,8%-ға тең.
Өнеркәсіп өндірісінің 10%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 13,2%-ға ұлғаюы байқалды. Бұл тас көмір өндіру көлемінің 9,9%-ға және лигниттің 39,9%-ға ұлғаюына байланысты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 61,1%-ы келеді. Өнеркәсіптің осы секторындағы нақты көлем индексі 98,5%-ды құрады. Бұл мұнай өңдеу өнімдерін өндірудегі көлемдердің 28,1%-ға және ферроқорытпаларды өндірудегі көлемдердің 1,9%-ға төмендеуіне байланысты болды.
Өнеркәсіп өндірісінің 26,8%-ын құрайтын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда нақты көлем индексі 106,2%-ға тең. Электр энергиясын өндіру 8,1%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің 2,1%-ын сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау қызметі құрады, мұндағы нақты көлем индексі 127,8%-ды көрсетті. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен Павлодар қаласының үлесіне 110,6 млрд. теңге, немесе 44,3%-дан келеді, Ақсу қ. үлесіне – 78,5 млрд. теңге (31,4%) және Екібастұз қ. үлесіне 54,9 млрд. теңгеден (22%) келеді. Өнімнің нақты көлем индексі Павлодар қ. – 98,3%-ды, Ақсу қ. – 99,9%-ды және Екібастұз қ. бойынша 115,4%-ды құрады.
Өндіріс көлемінің 95,2%-ын жұмыс істейтіндердің саны 50-ден асатын кәсіпорындар жүзеге асыруда. Осы топтағы ұйымдар бойынша мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар өнімінің үлес салмағы тек 0,2%-ды құрайды; өнімнің 83,4%-ы мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері меншігіндегі кәсіпорындарға тиесілі; 16,4%-ын басқа мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар өнімі құрайды.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыстағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2011 жылдың қаңтар–наурыз айларында 8,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,3%-ға артық.
2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста шошқадан басқа барлық мал түрінің саны ұлғайды.
Облыс бойынша ірі қара мал саны 0,5%-ға, қой – 4,9%-ға, ешкі – 6,4%-ға, жылқы – 6,5%-ға, құс – 2,5%-ға көбейді, шошқа саны 9,6%-ға азайды. Баянауыл ауданында ірі қара мал басының ең жоғары саны тіркелді, яғни қой мен ешкі, жылқы саны сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 16%, 24%, 17%-ды құрады. Шошқа және құстың едәуір саны Шарбақты ауданында – сәйкесінше 21% және 37% тіркелді.
2011 жылғы 1 сәуіріне облыс бойынша алынған бұзау төлдері – 90,6 мың бас (2009 жылға 99,6%), торай – 38,2 мың бас (84,5%), қозы – 150,6 мың (104%), лақ – 13,6 мың (107%), құлын саны – 3,9 мың бас (111,9%). 100 төлдейтін малға есептегенде бұзау және торай түсімі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда сәйкесінше 110% және 102,6%-ды құрады.
Ағымдағы жылдың 3 айы ішінде тірідей салмақта 15 мың тонна мал мен құс еті өндірілді (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,9%), 55 мың тонна сүт (101,1%) және 42 млн. дана тауық жұмыртқасы (98,5%) алынды.
Мал шаруашылығы өнімінің негізгі өндірушілері халық шаруашылықтары болып табылады, олармен облыстағы 72% ет, 81% сүт, 22% жұмыртқа өндірілді.
Шаруа қожалықтарында ет, сүт өндіру ұлғайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында сүт өндіру ұлғайды, бірақ, ет өндіру азайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жұмыртқа өндіру 1%-ға ұлғайды, үй шаруашылықтарында – өткен жылдың деңгейінде қалды, ал шаруа қожалықтарында – 1,9%-ға азайды.
2011 жылдың қаңтар–наурызында облыс бойынша бір сиырдан алынған сүттің орташа сауылымы өткен жылмен салыстырғанда 392-ге қарсы 395 кг құрады, бір мекиен – тауықтан алынған орташа жұмыртқа түсімі 45-ке қарсы 47 жұмыртқаны құрады.
ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2011 жылдың қаңтар–наурызында облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 24,7 млрд. теңге, немесе 2010 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 117,6%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 3,6%-ды құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі бойынша 80,9%-ды кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты құрады, қарыз қаражаты үлесіне 12%-дан келді, бюджет қаражаты 7,1%-ды құрады.
Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар 28,7%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, қосымша құрал-жабдықтар – 66,6%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 4,7%-ды құрады. Инвестициялау электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптау (облыстық көлемнен 42%), өңдеу өнеркәсібі салаларында (29,9%) басым болды.
2011 жылдың қаңтар–наурызында құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 5,4 млрд. теңгені, немесе 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 163,3%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 98,1%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне 1,9%-ы тиесілі. 2011 жылдың қаңтар – наурызында 47 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның 32-сі тұрғын үй.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 69%-ға төмендеді және 5043 шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (73%).
КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
2011 жылдың қаңтар–наурызында облыстағы көліктермен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 16,1 млн. тоннаны құрады, бұл көрсеткіш 2010 жылдың қаңтар–наурызына қарағанда 17,7%-ға артық. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 11,2%-ға, ал магистральді құбыр бойынша 28,5%-ға ұлғайды.
Облыста жолаушылар айналымы 42%-ға ұлғайды және 3,9 млрд. жолаушы – километрді құрады.
2011 жылдың қаңтар–наурызындағы пошталық және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 98,8 млн. теңгені және нақты көлем индексі 116,3%-ды құрады.
Облыстың электр байланыс кәсіпорындарымен ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 2,2 млрд. теңге сомасында қызмет көрсетілді. Нақты көлем индексі 113%-ға тең. Халыққа көрсетілген электр байланыс қызметінің өткізу үлесі 66%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты қалааралық телефон байланысы және Интернет желісі қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі 25%-дан алады.
ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ
2011 жылдың қаңтар–наурызындағы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 30,5 млрд. теңгеге жетті және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға ұлғайды.
Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек тауар айналымының үлесі 36,5%-ды құрады. Осы кәсіпорындар тауар айналымының нақты көлем индексі – 90,8%.
Облыстың көтерме нарығындағы өткен кезең ішіндегі сату көлемі 42,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11,2%-ға артық көрсеткіш.
Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 937,5 млн. теңге деңгейінде қалыптасты. Нақты көлем индексі 107,2%-ға тең.
СТАТИСТИКАЛЫҚ БИЗНЕС ТІРКЕЛІМІ
2011 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша Павлодар облысының Статистикалық бизнес тіркелімінде 11,8 мыңнан астам заңды тұлғалар тіркелді.
Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 69,7%-ды, немесе 8257 бірлікті құрады. Жұмыс істейтіндер ішінде 60,6%-ын белсенділер (5003 бірлік), 30,4%-ын – уақытша қызметін тоқтатқандар (2509), 9%-ын ¬– жаңадан тіркелгендер (745) құрады.
2011 жылдың 1 сәуіріне жұмыс істейтін заңды тұлғалардың үлес салмағы 2010 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,5 пайыздық тармаққа ұлғайды. Белсенді кәсіпорындар үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,1 пайыздық тармаққа ұлғайды.
Мөлшері бойынша едәуір үлес салмақты (93,7%) шағын кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 50 адамға дейін), 5,5%-ды – орта кәсіпорындар (51 – 250 адамға дейін), 0,8%-ды – ірі кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 250 адамнан аса) алады. Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындардың көбі көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 32,1%-ы (3801 бірлік) мамандандырылған, ал кәсіпорындардың ең аз саны тұру бойынша қызметтерге – 0,8%-ы (98 бірлік) келеді.
Тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санынан 10,1%-ы (1193 бірлік) өнеркәсіп кәсіпорындарына келеді, олардың ішінде едәуір саны өңдеу өнеркәсібіне – 86,5% (1132), ал ең аз саны электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласына 3,8%-ы (45) келеді. Меншік нысаны бөлігінде жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар 85,9%-ды, мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар – 12,5%-ды және басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар – 1,6%-ды құрады
Ұйымдастырушылық – құқықтық нысаны бойынша едәуір үлесті шаруашылық серіктестіктер (74,8%) алады.
Аумақтық бөлігінде заңды тұлғалардан едәуір үлес салмағы Павлодар (67,2%), Екібастұз (17,2%), Ақсу (2,9%) қалаларына және Баянауыл ауданына тиесілі (1,8%).
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ
2011 жылдың қаңтар–ақпанында облыстың жалпы кәсіпорындар тобы бойынша (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардардың қызметкерлерін есептемегенде) облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 197,4 мың адамға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,3%-ға артық.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 64680 теңгені, оның өсуі 2010 жылдың қаңтар–ақпанымен салыстырғанда 16,3%-ды құрады. Нақты жалақы 8,4%-ға артты.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер еңбек ақысының едәуір жоғарылауы өзге қызмет түрлерін көрсету; өнер, ойын–сауық және демалыс; кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерде сәйкесінше 35,7%; 35%; 30,2%-ға байқалды.
Аумақтық бөлікте ең жоғарғы жалақы Ақсу қ.ә. – 72576 теңге, Екібастұз қ.ә. – 70007 теңге және Павлодар қ.ә. – 67021 теңге болып тіркелді.
2011 жылдың қаңтар–наурызында жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға (Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша) жұмыс іздеп жүрген 3955 адам өтінді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2768 адамға аз, оның ішінде ауылдық жерде тұратындар – 1569 адам. 1963 адам, немесе өтінгендер санының 49,6%-ы, соның ішінде ауыл тұрғындарының 763-і жұмысқа орналастырылды.
2011 жылдың 1 сәуіріне жұмысқа орналастыру мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарға ұйымдар тарапынан берілген жұмыскерлерге деген қажеттілік 685 адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59 адамға артық.
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдардың есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 2011 жылдың 1 сәуіріне 2948 адамды құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 1136 адамға аз.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,7%-ды құрады.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
2011 жылдың 1 сәуіріне нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2010 жылдың сәйкес датасымен салыстырғанда 3,5%-ға ұлғайды және 25,3 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 2,9 мың – заңды тұлға, 19,1 мың – жеке кәсіпкер, 3,2 мың – шаруа қожалығы. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 0,2%-ға ұлғайды және 96,6 мың адамға жетті. 2011 жылдың қаңтар – наурызында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару 2010 жылдың қаңтар – наурызымен салыстырғанда (тұрақты бағада) 2,2%-ға ұлғайды және 56 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 3,3%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 49,2 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 5,5 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен 1,3 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді.
ДЕМОГРАФИЯ
2011 жылдың 1 наурызына Павлодар облысы халқының есепті саны 746,2 мың адамды құрады. Қала халқы – 512,1 мың адам (68,6%), ал ауыл халқы – 234,1 мың адам (31,4%).
Ағымдағы жылдың қаңтар–ақпан айлары бойы облыс бойынша 2047 туғандар саны тіркелді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6,4%-ға артық көрсеткіш.
Осы уақыт ішінде 1440 адам қайтыс болды (9,2%-ға артық). Бұрынғыдай, қанайналым жүйесі аурулары салдарынан өлім-жітім саны көбейді. Осы себептен қайтыс болғандардың үлес салмағы 2011 жылдың қаңтар-ақпанында 54,4%-ды құрады.
Халықтың табиғи өсімі 607 адамды құрады, сонымен қатар, қалалық жерде 415 адам, ауылдық жерде 192 адам санының өсуі байқалды.
Неке органдарында тіркелген неке саны 2011 жылдың 2 айы ішінде 4,2%-ға азайды, ал ажырасу – 2%-ға ұлғайды. Көрсетілген кезеңде барлығы 616 неке және 398 ажырасу тіркелді.
2011 жылдың 2 айы ішінде облыстан республика шегіне 250 адам көшіп кетті, соның ішінде ТМД елдеріне 239 адам және әлемнің басқа елдеріне 11 адам қоныс аударды (2010 жылдың қаңтар – ақпанында 262 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 235 және әлемнің басқа елдеріне 27 адам).
2011 жылдың қаңтар–ақпанында облысқа шет елдерден 194 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен көшіп келгендердің саны 114 адамды, ал әлемнің басқа елдерінен көшіп келгендердің саны 80 адамды құрады.
Облыстық статистика департаменті

