2011 жылдың қаңтар–шілде аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 560,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,6%-ға төмен көрсеткіш. Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 18,4%-ға, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі – 7,3%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 3,9%-ға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,4%-ға төмендеді.
2011 жылдың қаңтар – шілдесіндегі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 29,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың қаңтар–шілдесіне қарағанда 0,6%-ға өсті.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2011 жылдың қаңтар – шілдесінде 83,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,5%-ға азайды.
2011 жылдың қаңтар – шілдесіндегі жүк айналымының көлемі 13 млрд. ткм құрады және 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға ұлғайды.
Ағымдағы жылдың қаңтар–шілдесіндегі бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтану айналымынсыз) 76,7 млрд. теңгеге жетті және 2010 жылдың қаңтар – шілдесімен салыстырғанда 14,6%-ға ұлғайды.
Облыстық статистика департаменті.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 1 қыркүйегіндегі номерінен оқи аласыз)

