Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
2009 жылы Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 77,6 миллиард теңгені құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімі – 44,2 миллиард теңге немесе жалпы көлемнің 56,9%-ы, мал шаруашылығы – 33,4 миллиард теңге немесе 43,1%-ы. Республика көлемінде Павлодар облысының жалпы өнімі 4,7% құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі - 4,7%, мал шаруашылығы өнімі – 4,8%.
Өнімнің жалпы көлеміндегі шаруа (фермерлік) қожалықтарының үлес салмағы – 37,2% құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 12,8 пайызға жоғары, ауыл шаруашылық құрылымдарда – 18,7% (4,3 пайыздық тармаққа жоғары), үй шаруашылықтарының үлес салмағы – 44,1 (17,1 пайыздық тармаққа төмен).
Ауыл шаруашылығының жалпы өніміне ірі қара мал өсіру аса жоғары үлес қосты – 29%, дәнді дақылдар өсіру – 28%, картоп өсіру – 11%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құрылымы шаруашылық санаттары және өнімнің түрлері бойынша келесі түрде қалыптасты: ауыл шаруашылық кәсіпорындарда өсімдік шаруашылығының өнімі – 74,9%, мал шаруашылығының өнімі – 25,1%, шаруа (фермерлік) қожалықтарында сәйкесінше – 83,1% және 16,9%, үй шаруашылықтарында – 27,2 % және 72,8%.
Шағын және орта кәсіпкерлік

Облыстық статистика департаменті.