Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, апарылған азық-түлік тауарларының жалпы сомасы 110 млн. теңгеден асады. Оның ішінде 36 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 80 тонна көкөніс пен 60 тонна бақша өнімдері, 5 тонна балық және басқа да тауарлар жеткізілген. Астана жұртшылығы бұдан басқа арзан шұжық, нан-тоқаш, жарма, макарон, сүт, кондитерлік өнімдеріне, ара балына, күнбағыс майына қарық болды.

- Павлодарлық кәсіпорындар ауыл-шаруашылық, азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін әкелді. Сонымен қатар тауарды сатып алушыларға экологиялық таза пакеттер ұсынылуда. Жәрмеңкеге 50 мыңнан астам адам келеді деп жоспарлап, өнімімізді сол мөлшерге шамаладық. Елордалықтар көбінесе Баянауылдан әкелінген ет пен павлодарлық картоп өніміне қызығушылық танытты, - деді Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

Павлодардың ауылшаруашылық өнімде- рі астаналықтар арасында үлкен сұранысқа ие екендігі жәрмеңке басталғаннан-ақ халықтың көптеп келуінен байқалды. Сауда мерекесінің алғашқы сағатында 10 мың- нан астам астаналық тауар сатып алуға жиналып, әсіресе, ет, жұмыртқа және қар- быз сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. «Осындай жәрмеңкелердің қолже-тімді бағамен ұйымдастырылуы қуантады. Мысалы, өзімізде 2200 теңге тұратын етті жәрмеңкеден 1740 теңгеге сатып алдым. Сатушылар картоп пен пияздың келісін 70 теңгеден босатты. Тиімді сауда болды», - деп өз ойымен бөлісті елорда тұрғыны Бибіғайша Бөженова. Тағы бір астаналық Юлия Вольнова өзінің отбасы павлодарлықтардың жәрмеңкесін асыға күтетінін жеткізді. «Себебі ең дәмді қар- быздар Павлодарда өсіріледі. Жыл сайын осында келіп, қарбыз бен күнбағыс майын қап-қабымен сатып аламыз. Ал бағасы біздің нарықтағымен салыстырғанда өте арзан», деді сатып алушы ризашылық таныта отырып.

Айтып өтелік, елордада сиыр етінің келісі - 1350 теңге, жылқы – 1550, қой еті – 1300, құс еті – 700, жұмыртқаның ондығы – 170, қымыздың литрі – 600, картоп, қырыққабат, пияз – 70, қарбыз – 50 теңге- ден сатылды.

Астананың инвестиция және кәсіпкер- лікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Рысгүл Қауғабаева елорда-лықтар Павлодар облысының дәстүрлі өнім- дерінің сапасын жоғары бағалайтынын, көбі «Кэмми», «Рубиком», «Крендель» сияқты өндірушілердің тауарына қызыға-тынын атап өтті. Әйгілі Аққулының қарбы- зын сатып алуға арнайы келетіндер көп. Осындай жәрмеңке өткізгені үшін өңір ша- руаларына алғыс айтамыз, - деді мекеме өкілі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғаш- қы үш сағаттың ішінде сатушылар апарылған өнімнің 30 пайызын сатып алып үлгерген. Жәрмеңкеге жалпы саныде 55 мыңнан ас- там тұтынушы келген деген ақпарат бар.

Шара аясында сауда алаңында Павлодар облыстық филармонияның кон- церті ұйымдастырылды.

Мұрат АЯҒАНОВ

saryarka-samaly.kz