Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің төрағалығымен, мемлекет- тік мекемелер, кәсіпорындар, пәтер иелері кооперативтері өкілдері мен тұрғындардың қатысуымен жиын өтті. Алдымен қала әкімінің орынбасары Андрей Балашов жыл басынан бері атқарылған істерге тоқталып, алдағы жоспармен бөлісті. Мәселен, биыл облыс орталығындағы 187 ауладағы жолға асфальт төселді. Жыл соңына дейін тағы 11 ауланың жолы қалпына келмек. Осылайша, 3 жылға жоспарлан ған іс небары бір жылдың дересінде аяқталып, былтырғы көрсеткіштен 36 пайызға асып түсті. Жарықтандыру желілері 9 шақырымға ұзарып, 7 мыңға жуық шам ауыстырылды. Шаһардың архитектуралық бейнесін жақсарту мақсатында 31 көпқабатты баспана боялып, қалалық мәдениет және демалыс саябағы қалпына келтірілді. Андрей Балашовтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Айталық, жыл соңына дейін 3 мың ағашты отырғызу жоспарланып отыр. Бірақ Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев 3 мың түп аздық ететінін айтты. Бұл ретте шаһар басшысы жергілікті кәсіпорын басшыларына бірқатар ескерту жасады.

Павлодар қалалық жергілік- ті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев көріктендіру талаптарын сақта-майтын кәсіпорындар, шағын және орта бизнес нысандары, тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелетінін атап өтті.

- Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметкерлері 1635 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 1 млн. теңгеден асатын 55 айыппұл салынды. Санитарлық талаптарды сақтамайтын ірі кәсіпорындар бар. Атап айтқанда, «Павлодар жылу желілері», «Спецмашин», «Әлем-ПВЛ» және тағы бір- неше жауапкершілігі шектеулі серіктес-тігі жөндеу жүргізген аумақтарды уақы- тында қалпына келтірген жоқ. Оларға 50-100 айлық есептік көрсеткіш көле-мінде айыппұл салынды. Әкімшілік заңнамаларды сақтамаған «Сокол», «Беркут», «Огонек», «Жемчужина» және тағы бірқатар пәтер иелері коопера- тиві 30 айлық есептік көрсеткіш көле-мінде айыппұл төлеуге міндеттелді, - деді А.Қаптаев.

Шаһар басшысы алдағы айлық шеңберінде тиісті жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.

- Топырақ тасымалдау және қоқыс шығару ісінде кемшілік болмауы тиіс. Тазалық айлығы аясында белгіленген шаралар жүйелі жасалып, әр тұрғын үлес қосуы қажет. Айталық, көшеттерді отырғызу көріктендірудің алғашқы сатысы ғана. Оларды күтіп, баптап, уақытылы суару керек. Бұл тек жергілікті биліктің қолынан келмейді. Әкімдік пен тұрғындар жұмылғанда ғана шаһарымыздың ажары ашылып, көркейе түседі. Осы орайда келесі жылы аулаларда шағын архитектуралық формалар орнатылатынын атап өткен жөн. Олардың сынбауын, қолды болмауын қадағалау да - сіз бен біздің мойнымызда, - деді Ә.Күмпекеев.

Жиын барысында тұрғындар көкей- де жүрген өзекті мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, мезгіл мәселесіне қатысты сұрақ көп қойылды. Айталық, Водников көшесіндегі 8 бірдей үйдің тұрғындары қыс келсе бүрсең қағуға мәжбүр. Бірнеше жыл бойы аталмыш көпқабатты баспаналардағы бөлме температурасы 15 градустан аспайды. Ал Радиозауыт ауданында құны 1 млрд. теңге болатын жылу трассасын салу туралы уәде беріл- генімен, әлі орындалған жоқ. Белгілі болғандай, аталмыш жобаға қатысты өтініштің жауабы республикалық деңгей- де қаралуда. Сапаржай аумағының тұрғындары жарықтандыру желісінің жеткіліксіздігіне шағымданып, дренаж- дық жүйесінің істен шыққанын айтты. Бұл мәселе Қамзин-Толстой көшелері- нің қиылысында орналасқан үйлерге де таныс. Соңғы 6 жыл бойы жертөле- лер мен аулаларды су басып, адам-дарға қолайсыздық тудырады. Көрік-тендіру, абаттандыру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Жарнамаларды орынсыз жабыстыру, апаттық жағдайдағы ағаштарды кесу, Орталық жағажайда дүңгіршектерді орнату мәсе- лелері алаңдататыны байқалды. Әнуар Күмпекеев өзі және әкімдік өкілдері мәселелері бар аулаларға барып, жағ- даймен жіті танысып, шешім жолда- рын қарастыратынын айтты.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

saryarka-samaly.kz