Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Олжас Баймақовтың айтуынша, облыс орталығындағы екінші Павлодар және Зеленстрой шағын аудандарында қар тазалау жұмыстары басталды.

- Өткен жылы қар тазалау жұмыстарын наурыз айында баста- сақ, биыл ақпан айында бастап отырмыз. Екінші Павлодар мен Зеленстрой шағын аудандары төменгі жер бедерінде орналасқандықтан, жыл сайын су астында қалады. Қар ерігеннен кейін су жиналып қалады. Сондай-ақ, біз тұрғындарға өз аулаларындағы қарды жол жиегіне шығаруын сұраймыз. Олар қарды жол шетіне шығарып қойса, біздің техникалар тазалап алып кетеді. Сыртқа қар шығарғаны үшін ешкімге айыппұл салынбайды, - деді О.Баймақов.

Олжас Баймақовтың айтуынша, қазіргі уақытта қар тазалау жұмыстары Ермак - Литвинов - №19 автожол – Малайсары батыр көшелерінің қиы- лысатын аумағында жүргізілуде. Мұндай жұмыстар наурыз айында да жалғасатын болады.

 

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz