«Аманат» азаматтық алаңының Павлодар облыстық штабында өткен шараға штаб өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Семинар-тренингте сөз алған «Аманат» азаматтық алаңының өкілі Әкім Тұрсын «Аманат» бұған дейін тек бақылау міндетін ғана атқарған болса, биылдан бастап азаматтық алаңның алдында үлкен 5 міндет тұрғанын айтты.

- Еліміз бойынша 9 мың сайлау учаскесі бар. Соның 543-і Павлодар облысында. Біз аз ғана уақыт ішінде осылардың барлығын қамтитын боламыз. «Аманаттың» 5 бағыты - ол сайлауды өткізуге дайындықты бақылау, сайлаушылардың өз құқықтары жайлы хабардар болуын қамтамасыз ету, адалдық, ашықтық және ынтымақтық. Мұндағы адалдық бағытында еліміздегі әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылау желісін құру керек. Бақылаушыларды халықаралық ұйымдардың стандарттары бойынша оқытамыз. Бүгін Ертіс-Баян өңірінде осы оқытуды бастап отырмыз, - дейді Әкім Тұрсын.

Семинар-тренингке қатысушылар дәрістер тыңдап, Ә.Тұрсынның «Мобильді капитандарға арналған» тренингіне қатысты.

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz