Атқарушы органдар сайлау комиссияларымен бірлесіп, сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесу орындарын анықтаған. Облыстық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссия-ларына дауыс беруге құқық беретін 5515 куәлік дайындап, тапсырды.

– Дауыс беруге арналған өңірдегі 543 сайлау учаскесінің 23-і қолжетімділігі шектеулі сайлаушыларға арналған. Олар - аурухана, изолятор, әскери бөлімшелер сияқты орындар. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін барлық сайлау учаскесінде арнайы кабиналар орнатылды, бұрыштар жабдықталды. Дауыс беру кезінде сайлаушы жеке кабинаға жалғыз кіреді. Азаматтың кімге дауыс бергені туралы өзгеге ақпарат беруіне, сайлау жәшігі маңында тұрып суретке түсуіне болмайды, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолова.

Сондай-ақ тұрғындардың өздері туралы мәліметтерді нақтылау мақсатында облыстың 3 қаласы мен 10 ауданында 13 Call-орталығы жұмыс істейтінін еске саламыз. Сайлау-шылар өз учаскесінің мекенжайын жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы да анықтай алады. Ол үшін сайтқа ЖСН нөмірін енгізсеңіз болғаны.

 

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz