Болат Бақауов көрсетілген сенімге алғыс айтты.

- Мемлекет басшысының сенімі мен үшін аса қымбат, - деп атап өтті әкім. - Аймақ экономикасын дамытуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды орындауға дайынбыз. Біздің облыстағы барлық бастамалар жалғасын табады.

Б.Бақауов Павлодар облысы әкімі қызметін 2016 жылдың 25 наурызынан бері атқарып келеді. Бұл лауазымға дейін әр жылдары Качир (қазіргі Тереңкөл) ауданы мен Ақсу, Павлодар қалаларының әкімі қызметтерін атқарды. Болат Жұмабекұлы «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» медальдарымен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Павлодар облысына - 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

saryarka-samaly.kz