Ақсу алда келеді

Өңірімізде Қ.Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған олимпиадалық, ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша 22-ші облыстық кешенді спартакиада ойындары өтуде.


Спорттың 16 түрін қамтыған айтулы жарыстың іріктеу кезеңдеріне ауылдар мен аудандардан 20 мыңдай адам қатысқан. Аудандар арасындағы қорытынды есеп бойынша Ақсу ауылдық аймағының командасы көш бастап келеді. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының бас маманы Еламан Махамбетовтің сөзінше, 22-ші облыстық спартакиада биыл сәуір айында басталған, тамыз айының ортасында қорытындысы шығады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытқа дейін спорттың шаңғы жарысы, қысқы президенттік көп сайыс, жазғы президенттік көп сайыс, волейбол, ерлер мен әйелдер волейболы, стол теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дойбы және шахмат түрлері бойынша жарыс аяқталды.


- Әзірге Ақсу ауылдық аймағы көш бастаса, Павлодар ауданы екінші, Аққулы ауданы үшінші орындарды еншілеп тұр. Алда ұлттық спорт түрлері, яғни, аударыспақ, кір тасын көтеру, қол күресу, асық ату, арқан тарту ойындары бойынша бақ сынайтын болады. Сонымен қатар, футболдың финалдық ойындары өтеді, - дейді Е.Махамбетов.

 

Т.МАРХАБА.