Бұл жолы Ертіс жағалауына адам көп жиналды. Павлодарлық әнсүйер қауымға «Орда» тобының құрамында жүріп жақсы танылған Дастан Оразбеков өзінің екі жаңа әнін тарту етті. Олар – «Қара қарындас» және «Бұл жарық» деп аталатын туындылар. Ол өз сөзінде біздің өңірге алғаш рет 1999 жылы келгенін және содан кейін бұл шаһарға жиі жолы түсетінін жеткізді.

Ал 2015 жылы ғана құрылып, аз уақыт ішінде бірнеше хит шығарып үлгерген «Alem Bаnd» тобы павлодарлықтардың құрметіне «Менi қоспа», «Love», «Ерке мадам» әндерін шырқады. Сонымен қатар, осы кеште жергілікті өнерпаздар – И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның және «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени сауық орталығының әншілері ән айтты.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, келесі аптада Павлодарға аты аңызға айналған «МузАрт» ансамблі келеді деп күтілуде. Сонымен қатар, FM тобы да павлодарлықтармен қауышатын болады.

 

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz