Тазыларды халықаралық және ұлттық деңгейдегі сарапшы, Нұр-Сұлтан қаласында- ғы «Аймақаралық кинологиялық орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің пре- зиденті, төреші Нина Макарова тексерді. Оның айтуынша, құмай тазылар басы- ның, тұмсығының, бас сүйегінің көлемі, құлағы мен жағының, құйрығының ұзынды- ғы, бойының биіктігі, кеуде, бел және жауырын өлшемі, аяқтарының арақашықтығы секілді бірнеше талаптар бойынша толық тексерілді.

Көрме нәтижесінде барлық құмай тазыларға «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығы мен «Жеті қазына» ұлттық ит тұқымдарын қайта жандандыру орталығының дипломдары табысталды. Аталған дипломдармен ит иелері «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктеріне барып, иттің ресми құжатын алады. Бұл құжат иттің заңды тіркелгенін, оның «қаңғыбас иттер» қатарынан еместігін дәлелдейді.

Көрменің ең жас қатысушылары – Егіндібұлақ мектебінің 9-сынып оқушысы Ринат Тимаш пен Баянауыл №2 мектебінің 7-сынып оқушысы Әділбек Өмірбек. Ринат бала жасынан баулып, жан серігі етіп өсіріп келе жатқан «Лашын» атты итін алып келсе, Әділбек «Тұйғын» атты күшігін сарапшылар назарына ұсынды. Қос балақайдың иттері кинолог мамандардың жоғары бағасына ие болды.

- Мен итті жақсы көремін. Онымен ойнап, алысып-жұлысып, таяқ лақтырып, оны қайтадан алып келуге баулып, нағыз қырағы тазыға айналдырғым келеді. Маған итке тамақ берген, оны тазалап, баптаған ұнайды, - дейді Әділбек.

- Қазақтың құмай тазысының өз ерекше-лігі бар. Тазы өсірумен айналысушыларға айтарым – иттердің бұл түрін өзге тұқым-дармен араластырмау керек. Көбіне, иттер тез жүгіру үшін, денесі үлкендеу болу үшін, аңшылыққа бейім болу үшін өзге ит түрлерімен будандастырылады. Ол дұрыс емес. Келесі жылдан бастап арнайы зертхана ашылып, иттерді тестілейді. Онда олардың қаны қаншалықты таза екенін анықтайды. Осыдан 5 жыл бұрын әлем жұртшылығы тазыны ресми түрде қазақтың ұлттық ит тұқымы деп танып, қазақтың бренді ретінде мойындады, - деді Нина Михайловна.

 

Еламан ҚАБДІЛӘШІМ

saryarka-samaly.kz