Махмет Қайырбаев 1942 жыл- дың тамыз айында Подольское артиллериялық училищесінің жедел әскери курсын аяқтап, 1943 жыл- дың сәуірінде Ұлы Отан соғысына аттанды.

Сол сұрапыл соғыс жылдары, 1943 жылы, Махмет Қайырбаев атамыз Смоленщине шайқасында көрсеткен ерлігі үшін 18 жасында ең алғашқы Александр Невский орденін алған. 1944 жылдың жаз айында «Багратион» операциясы кезінде өзінің ерлігі мен біліктілігін, әскери шайқастағы қабілетін жоғары дәрежеде көрсете алған. 1944 жыл- дың 19 тамызы күні 712-танкіге қарсы жойғыш-артиллерия полкінің батарея командирі болып сайланған аға лейтенант Махмет Қайырбаев және оның он бес жауынгері үшін мәңгі өшпес даңққа бөлену кезеңі болып саналды. Бұл оқиға Литва жерінде Шяуляй қаласында болды. Қаза болған командирдің басшылы- ғын өз қолына алып, жаудың 7 ша- буылын тоқтатуды ұйымдастырды. Батарея жаудың үш танкісін жойып, бір батальонға жуық фашисті қыр- ды. Неміс танкілері үшін Шяуляйға өтер жол жабылды. 1944 жылы Литваның Шяуляй қаласы түбінде болған ұрыста асқан ерліктің үлгісін көрсетті. Сол ұрыста ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталды.

Сол 712-танкіге қарсы жойғыш-артиллерия батареясында қолдан- ған 76 миллиметрлік зеңбірек Әске- ри Даңқ музейі алаңында, қаһар-мандықтың Жеңісі ретінде ескерткіш болып орнатылған.

М.Қайырбаев Павлодар өңірінің дамуына аянбай еңбек етіп, тер төккен. Бесқарағай ауданы кеңесі төрағасының жауапты хатшысы, кейін орынбасары, Успен аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Ермак ауданы атқару комитетінің төрағасы, Куйбышев ауданы атқару комитетінің төрағасы, Куйбышев ауданы атқару комитетінің бірінші хатшысы, ҚазКСР КП Павлодар облыс комитетінің екінші хатшысы, Павлодар облысы атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Осы қызметтері кезінде тың жерлерді игерді. Мысалы, Красно-кутскі (Қазіргі Ақтоғай) ауданы Агрономия, Жданов, Карл Маркс, Краснокутскі, Шідерті, т.б. ірі колхоз, совхоздардың, Екібастұз жылу-энергетика кешені құрылысының ірге- сін қалаған. Павлодардағы алюми- ний, ферроқорытпа және трактор зауыттары, Павлодар электростан- циясын басқаруда қызмет жасаған.

60-шы жылдардан бастап ҚазКСР-і КП орталық комитетінің мүшесі, 7-10 шақырылымдағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.

Отанның қорғанында, партияның қызметінде тер төккен Махмет Қайырбаев атамыз мынадай төс белгілермен марапатталған. «Алтын Жұлдыз» медалі, Ленин ордені, Октябрь революция ордені, Александр Невски ордені, 2-і бірдей Бірінші дәрежелі Отан соғысы ордені, Екінші дәрежелі Отан соғысы ордені, екі бірдей Еңбек Қызыл Ту ордені, «Ерлігі үшін» медалі, «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл қарсаңында ерен еңбегі үшін» медалі, «Ленинградты қорғағаны» үшін, «Кенингсбергті алғаны үшін» медалі, «1941-1945 жж ҰОС Германияны жеңгені үшін» медалі, «1941-1945 жж ҰОС Жеңісіне 40 жыл» медалі, «1941-1945 жж ҰОС жеңісіне 50 жыл» медалі, «Еңбек ардагері» медалі, «Тың жерлерді игергені үшін» медалі, «Ленинградтқа 250 жыл естелігі үшін» медалі, «Кеңес Армиясы мен Флотына 30жыл» медалі, «КСРО қарулы күштеріне 40 жыл» медалі, «КСРО қарулы күштеріне 50 жыл» медалі, «КСРО қарулы күштеріне 60 жыл» медалі, «КСРО қарулы күштеріне 70 жыл» медалі, «1944-2004 Беларустың азат етілгеніне 60 жыл» медалі.

Халықтың құрметіне бөленген Махмет Қайырбаев туралы жазған ақын, жазушы, мемлекет, қоғам қайраткері көп. Дегенмен «Халықтың ұлы» атанған «Даңқты атамыздың» елеулі еңбегін биылғы ҰОС Жеңісінің 75 жылдығы қарсаңында тағы бір еске алуды жөн көрдік.

 

Р.ҚАЛЫМҚҰЛОВ, Әскери Даңқ музейі маманы.

saryarka-samaly.kz