№2 қалалық емхананың педи-атрлық бөлімінің меңгерушісі Роза Мұрақаеваның айтуынша, МӘМС жүйесі енгізілгелі ауруханаға тір- келген тұрғындар бағасы қымбат тұратын анализдерді тапсыра бастаған.

- Бұған дейін біздің емделуші- леріміздің көбіне МРТ мен ПТР (полимераздық-тізбекті реакция)-анализдерін тапсыруға ақылы болып келген. Жаңа жүйе енгізілгелі бірқатар қымбат зертханалық-диагностикалық тексерулер қолжетімді болды. Бүгінде емделушілер арасындағы негізгі тексерулерден МРТ-ға 90-нан астам адам жолдама алған болса, ПТР 46 адамға берілді. Бұрын ПТР-ден өту үлкен мәселе еді. Бұл - қымбат анализдің бірі. Оны аяғы ауыр әйелдерге, жиі ауыра- тын балаларға міндетті түрде тағайындаймыз, - дейді дәрігер.

Р.Мұрақаеваның айтуынша, МӘМС арқылы зертханалық-диагностикалық қызметтерді алу емдеуші дәрігерлердің де нақты диагноз қоюына мүмкіндік береді. Алайда, МӘМС арқылы мұндай тексерулерден кез келген адам өте алмайды. Ол үшін алдымен өзі тіркелген ауруханадан тексеруге жолдама алуы қажет.

Аталмыш емхананың емделу-шісі 27 жасар Тоғжан Төлеуғали - ПТР зертханалық-диагностикалық тексеруге қол жеткізген алғашқы тұрғынның бірі.

- МӘМС арқылы екі баламды ПТР тексеруінен өткіздім. Үлкенім 4 жаста болса, кішісі 2-де. Балаларым жиі ауырады. Сол себепті, оларды толық тексеруден өткізуді жөн деп таптым. Аталған талдауды бұған дейін жасатып көрмедік. Оған себеп бағасының қымбаттығы еді. Қазір медициналық сақтандыру қоры арқылы тегін тексеруден өттік. Біз сияқты жиі ауыратын- дар үшін қымбат сараптама- ларды тапсыруға медициналық сақтандыру жүйесі үлкен жәрдем болды, деді - Т.Төлеуғали.

Мамандар МӘМС бойынша туындаған мәселелер бойынша және жаңа жүйені түсінбеген жағ- дайда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының 371904 телефон нөміріне хабар-ласуға болатынын айтады. Сәуір айына дейін барлық азамат әлеу-меттік медициналық сақтандыру қоры аясында шартты түрде сақтандырылған. Кейін МӘМС жүйесінің қатысушысы қатарына кірмейтін азаматтар тегін кепілдендірілген медициналық көмекті ғана ала алады. Сол себепті ағымдағы жылдың 3 айында бұл жүйеге енбегендер жарна төлеп, сақтандыру мәртебесін ала алады.

 

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz