Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) – ол салық органдарында формалды емес жұмыспен қамтылғандар қызметін тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздеп, заңға қайшы келмейтін, бірақ мемлекеттік кірістер органдары назарынан тыс, кез келген қызмет түрін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркелуді көздейді. Ол кез келген банкте немесе онлайн режимде нақты соманы төлеу арқылы, ресми тіркелуге мүмкіндік береді. Төлем тоқтатылған жағдайда, қызмет түрі де тоқтатылған деп саналады. Бұл тұста ешбір құжаттар мен есептемелерді тапсырудың қажеті жоқ.

Дербес жұмыспен қамтылған жеке тұлғаларға бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің тиімділігі:

• міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға;

• зейнетақы жинақтарын жүргізуге мүмкіндік және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға құқық береді;

• еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдай-ларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді;

• толыққанды медициналық қамтамасыз етуді алуға.

Павлодар облысында 2019 жыл ішінде арнайы салықтық режимнің бұл түрімен 5000 мыңға жуық жеке тұлғалар қолданған. Олар 33 905,7 млн. теңгеге төлем жасаған, оның ішінде 3 390,6 млн. теңге жеке табыс салығы (бұдан әрі - ЖТС). Үстіміздегі жылдың басынан бастап облысымыздың 2 700-дей тұрғыны 10 729,7 млн. теңгеге төлем жасаған, оның ішінде 1 073 млн. теңге жеке табыс салығын құрайды.

Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акциздік өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылы-ғында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілер деп танылады.

БЖТ мөлшері:

- 1 АЕК - республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, астана үшін;

- 0,5 АЕК – басқа елді мекендер үшін.

Бюджет пен қорлар арасында төлемдердің бөлінуі ыңғайлы болу үшін, бiрыңғай жиынтық төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аудару жолымен бір төлем тапсырмасымен жалпы сомамен төленуге жатады, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БЖТ-ді төмендегіше бөледі:

- жеке табыс салығы (бюджетке 10%);

- әлеуметтік төлемдер (ӘСМҚ-на 20 %);

- зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ-на 30%);

- МӘМС аударымдарына (ӘМСҚ-на 40 %).

БЖТ табыс алынған әр ай үшін жеке-жеке төлеу қажет. Сондай-ақ келесі айларға аванс төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Қосымша ақпарат Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департа-ментінің www.pvl.kgd.gov.kz ресми сайтында орналастырылған, одан басқа аталмыш ақпаратты мекенжайыңыз бойынша орналасқан мемлекеттік кірістер органдарында толығырақ білуге болады.

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

saryarka-samaly.kz