Әбілқайыр Сқақов біздің өңір Оңтүстік Кореяның жоғары технологиялар мен ғылым саласындағы тәжірибесін зерделеуге мүдделі екендігін атап өтті.

- Павлодар облысының ресурс-тарын өсім нүктелерін құру әлеуеті ретінде қолдануға болады, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Инвестиция- ларды тарту - біз үшін бірінші кезектегі мәселе. Ол үшін бізде қажетті инфақұрылым мен басқару институттары бар, қаржыландыру секторлары да жетерлік.

Елші оңтүстік кореялық компа- ниялар үшін өнеркәсібі дамыған Павлодар облысымен жұмыс істеу аса тартымды екендігін жеткізді. Сонымен қатар, Ким Дэ-Сик ферросилиций өндіретін зауыт- тың құрылысымен айналысатын қазақстандық «Mineral Product» ЖШС мен Оңтүстік Кореяның Sac Holding компаниясының бірлескен жобасы туралы еске салды. Қазір бұл жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.

- Өткен жылы бастаған әріптестігіміз жалғасын тапса дейміз, - деді елші. – Біздің компанияларымыз агроөнеркәсіп кешені саласында әрекеттесуге дайын. Қазіргі кезде «ақылды фермерлік» бағыты жақсы дамыған. Осы бағытта жұмыс істеуге болады. Мен Павлодар облысының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін тізбелеп жазып алып, олар туралы міндетті түрде оңтүстік кореялық компаниялардың өкілдеріне хабарлайтын боламын.

Тараптар медицина мен білім беру саласындағы әріптестік мәселелерін де талқылады. Әбілқайыр Сқақов Оңтүстік Корея мамандарының аталған салалардағы бай тәжірибесін Павлодар облысында қолдануға болатынын атап өтті.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz