Мұндай жеңілдік қызметтерді төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін жасалуда. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай міндеттемелерді «Павлодарэнергосбыт» ЖШС, «Екібастұзэнерго» ЖШС, «Горводоканал» МКК, «Ақсу-Жылусервисі» МКК және «АқсуСуАрнасы» ЖШС өздеріне алды.

Аймағымыздың ірі коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары еліміздегі төтенше жағдай режимі орнаған уақыт аралығында қолданушылар төлемеген қызметтер үшін үстемеақы қоспауды шешкен. Сондай-ақ, электр қуаты, су мен мен жылу қызметтерін ұсынатын компаниялар коммуналды төлемдерді кейінге шегеру мәселелерін жекелей қарастырады.

 

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz