Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов аппарат басшысын таныстырып, оның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесін атап өтті, сондай-ақ жемісті қызмет етуін тіледі.

- Қоғамда өзгерістерге деген үлкен сұраныс бар, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Әрі оны біз өзімізден, осы аппараттан бастауымыз керек. Халықпен байланыс жүйесін ретке келтіруіміз керек. Азаматтардың арыз-шағымдарын қарастыруға да үлкен назар бөлген жөн, бұл мәселеде формализмге жол берілмеуі тиіс. Бұдан бөлек, әкім аппаратының трансформациясы бойынша ұсыныстарды күтемін, себебі бүгінгі жағдайда бұрынғыдай жұмыс істеуге болмайды.

Аппарат басшысы қызметінен босаған Ағыбай Әмірин Павлодар облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істейтін болады. Әбілқайыр Сқақов оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Құрмет грамотасымен марапаттады.

Нұрлан Шайхсләмұлы Дүйсембинов 1973 жылы Павлодарда өмірге келген. 1994 жылы Қарағанды кооператив университетін, ал 2003 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмәмдаған. Экономист және заңгер біліктілігі бар. Еңбек жолын 1994 жылы «Игілікбанктың» Павлодар филиалында бастаған. 1997 жылдан салық саласына ауысқан. Ильичев ауданының, Павлодар қаласының салық комитеттерінде, кейіннен облыстық салық комитетінде лауазымды қызметтер атқарды. 2014-2016 жылдары Павлодар облысы бойынша тексеру комисиясының төрағасы болған.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Нұрлан Дүйсембинов Ақсу қаласының әкімі болған. 2017 жылдың қарашасында облыстық қаржы басқармасының басшысы қызметінде бүгінге дейін жұмыс істеген.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz