Ол биыл физика-математика бағытында республикалық және  халықаралық жарыстарға  қатысып, қола жүлдеге ие болды.  7-сыныпта оқып жүрген кезінде «Зерде» ғылыми жоба конкурсына қатысады. Сол сәтте математика пәніне деген қызығушылығы оянған. Кейін 8-сыныпта тағы бір байқауда бақ сынаған. Бірақ есептің күрделілігіне байланысты шығара алмаған.

- Сол сәтте математикадан сабақ беретін ұстазыма келіп, есептің шешу жолдарын үйретуді сұрадым. Олимпиада тапсырмалары кәдімгі оқу бағдарламасына ұқсамайды. Логика мен терең білімді қажет етеді. Сондықтан осындай жарыстарға қатысатын балалар үшін жетекшім екеуіміз арнайы жинақ әзірлеуді қолға алдық. Кітапшада олимпиада есептері мен оны шешу жолдары көрсетілген. Жинақты дайындау үшін көп еңбектендім деп айта аламын. Жетекшім екеуіміз 3 жылға жуық уақыт жұмсадық. Еңбегіміз республикалық, халықаралық додалардағы ғылыми жарыстарда қазылар алқасы тарапынан жоғары баға-ланып, қола жүлдені еншіледім, - дейді Н.Нұрғазина. 

Нұрай Нұрғазина болашақта бизнес-аналитика саласын таңдап отыр. Мақсатына жету жолында математика мен география пәндеріне ерекше көңіл бөлуде.

Атап өтерлігі, 2019-2020 оқу жылында өңірдің білімді оқушылары  жарыстардан 238 медаль жеңіп алған. Оның 60-сын халықаралық, 178-ін республикалық деңгейдегі білім додаларынан иеленген. Жалпы, олимпиада құрамасының оқушылары 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін респуб-ликалық деңгейде 1263 медальді қанжығаларына байлаған. Оның 267-сі – алтын, 413-і – күміс, 583-і – қола жүлде. Осылайша облысымыздың ең қабілетті жастары әлемнің түкпір-түкпірінде өтетін халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап келеді.

saryarka-samaly.kz