Федерациядағылар біріншілік тоқтаған тұстағы турнирлік кестеге сүйене отырып, биылғы жылдың үздіктерін анықтады. Осылайша, әйелдер арасындағы Ұлттық лигада Павлодардың «Ертісі» екінші орынды иеленді. Бірінші орын елордалық «Астана Тайгерс» командасына бұйырды. Үштікті Көкшетаудың «Синегорье» клубы түйіндеді. Сөйтіп, павлодарлық ұжым Қазақстанның ең даңқты клубы екенін кезекті рет дәлелдеді.

Ал ерлер арасындағы Жоғары лигада шымкенттік «Қазығұрт» чемпион атанды. Күміс жүлде Қызылжардың «Барысына» бұйыр-са, біздің «Ертіс» қола жүлдені қанағат тұтты. Осылайша, «Ертіс» жігіттері өзінің жиырма жылдық тарихында тұңғыш рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. Клубтың бұған дейінгі үздік нәтижесі 2018-2019 жылғы маусымда тіркелген еді. Сол маусымда жерлестеріміз төртінші орынмен шектелген болатын.

Баскетболдан Қазақстан кубо-гын өткізу қыркүйек айына шегерілді.

 

Е.ҚЫЗДАРБЕК.

 

saryarka-samaly.kz