Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашевтің сөзінше, дәл қазіргі сәтте клуб үшін 2020 жыл-дың қаңтарында қабылданған қаржылық міндеттемелерді орындау мүмкін болмай тұр.

- Бұл туралы бірнеше мәрте айтылды. Клубтың бас демеушісі – ERG компаниясы жобаны қаржы-ландырудан бас тартты. Тиісінше, біз легионерлерге еңбекақы төлей алмаймыз. Жағдай күн санап ушығып барады. Қарыз жинақталып жатыр. Сондықтан, бәрін есептеп, ел чемпионатына қатыспау туралы шешім қабыл-данды, - деді Марат Айдашев журналистерге берген сұхбатында.

Белгілі болғандай, биыл облыс-та футболды дамытуға жергілікті бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлін-ген. ERG компаниясы 1,6 млрд. теңге демеушілік қолдау көрсету-ге тиіс-ті. Бас демеуші жыл басында 200 млн. теңге аударған. Одан кейін ештеңе бөлінбеген.

- Жергілікті бюджеттен әзірше 183 млн. теңге берілді. Қалған 1,6 млрд. теңгенің бір бөлігін өзге клубтарға үлестіріп береміз. Мәселен, «Ақсу» футбол клубына шамамен 40 млн. теңге аударылады. Сол секілді «Екібастұз» футбол клубына да жеткілікті мөлшерде қаржы беріледі. Сондай-ақ, қаржының бір бөлігі «Ertis» клубының қосалқы құрамы мен футбол орталығын ұстап тұруға жұмсалады. Қалған сома бюджеттік комиссияның шешіміне сәйкес облыс қазынасына кері қайтарылады, – деп нақтылады басқарма басшысы.

Еске сала кетейік, «Екібастұз» – Бірінші лигада, «Ақсу» Екінші лигада өнер көрсетеді. Марат Айдашев атап өткендей, «Ertis»-тің қосалқы құрамы сақталады. Ондағы ойыншылар жоғарыда аталған екі командаға ауысады.

- «Ertis» клубының ойыншыларымен кездесу өткіздік. Жағдайды түсіндіріп айттық. Проблеманы бұдан әрі сағызша созып жүре алмаймыз. Одан жағдай жақсармайды да. Легионерлер бұл жаққа ақша табу үшін келгені белгілі. Олардың ендігі қадамы қандай боларын да біліп отырмыз. Сөз жоқ, шетелдік ойыншылар ФИФА-ға, Қазақстанның футбол федерациясына шағымданатын болады. Дәл қазір нақты шешім қабыл-дамай жүре берсек те, олар осын-дай әрекетке барар еді. Футбол-шыларға ақша төлемей, біріншілік-ті жалғастыра бергеннен бәрібір түк шықпайды, – деді Марат Айдашев.

Басқарма басшысы ел ішін-де айтылып жүргендей, клубты банкрот етуге жол берілмейтінін жеткізді. Яғни, клуб жабылмайды.

- Клубта қаржылық тұрғыдан «тазалау» жұмыстары өтеді. Салық-тар бойынша не істеу керектігін ойластырамыз. Бұған дейінгі қаржылық тексеріске байланысты қылмыстық іс қозғалып жатыр. Оның қорытындысын күтеміз. Одан әрі не болатынын қосымша хабарлаймыз. «Ertis»-тің тағдыры жыл соңына қарай нақты белгілі болады, – деді Марат Айдашев.

Осылайша, «Ertis» биылғы чемпионатты жалғастырмайды. Клуб ендігі қадамын Екінші лигадан бастайды. Оны ұтқан жағдайда ғана Бірінші лигаға шығады. Бірінші лигадан соң, Премьер-лигаға жол ашылады. Демек, «Ertis»-ті Қазақстанның жоғары біріншілігінен үш жылдан кейін ғана көруіміз әбден мүмкін.

Биылғы ел чемпионатының әзірше екі туры ғана ойналды. Карантинге байланысты ойындар уақытша тоқтатылған болатын. «Ertis» алғашқы турда қызылорда-лық «Қайсардан» ұтылып, екінші турда Петропавлдың «Қызылжары-мен» тең түсті. «Ertis»-тің чемпионатты жалғастырмайтындығына байланысты аталған кездесулер-дің нәтижесі есепке алынбайды. Себебі, павлодарлықтар 22 тур-дан аз ойын өткізді. Егер 22 тур-дан көп ойын өткізген жағдайда матч нәтижелері өзгеріссіз қала-тын еді. Сондай-ақ, «Ertis»-тің орта жолдан шығып қалғаны үшін ешқандай командаға үш ұпай қосылмайды.

«Ertis» футбол клубы 1965 жылы құрылған болатын. Қазақстан-ның бес дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының иегері. Премьер-лигадан «ұшып» көр-меген екі команданың  бірі осы «Ertis» еді (екіншісі – қарағандылық «Шахтер»), жылдарға жалғасқан қаржылық қиындықтар ақыры «алқымнан» алып тынды. Өкінішті, әрине...

 

Фархат ӘМІРЕНОВ

saryarka-samaly.kz