- Әсия Малғаждарқызы, «Бастау бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерліктің әліппесін үйрену-ге әркім үмітті бола ала ма?

- Бұл жобаға қатысуға үмітті азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы-на барып, өтінім береді. Орталық мамандары базадан оның жұмыссыз немесе жұмыс жасауға жарайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтар санатына жататынын растап, қолына арнайы жолдама ұстатады. Жолдама мен жеке басын куәландыратын құжатымен үміткер кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінеді. Палатада қатысушыны Atameken Academy онлайн-платформасына тіркейді. Себебі, биылғы карантин-дік жағдайға байланысты оқыту наурыз айында басталуы тиіс еді. Кейінге шегіріп, енді міне жоғары жақтағылар оқытуды онлайн түрде өткізу жөнінде шешім қабылдады.

- Онлайн оқудың қалай өтеті-ні жайында айтып берсеңіз...

- Онлайн оқыту алдын ала әзірленген бейне сабақтар арқылы жүргізіледі. Яғни, ең алғашында қатысушылар жалпылама сабақтар бойынша білім алса, одан кейін азаматтардың таңдаған бағытына қарай жекелеген бейнесабақтар беріледі. Мәселен, мал шаруашылығын дамытуды көздейтін тұрғынға осы саланың қыр-сыры үйретіледі. Мұндай бейнесабақтар аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы бизнес тренермен жеке жұмыс жасайды. Әрбір аудан-қалада палатада бизнес тренер бар. Азаматтарға бизнес жоспар түзу жағынан кеңес беріледі. Бизнес тренер үміткердің жобасын дамытуға да қолғабыс жасайды.

Жобаға қатысушылар үш рет тест тапсырады. Алғашқы тестілеуде үміткердің білім деңгейі мен икемі сараланады. Екінші – аралық тесте бейне сабақтардан алған білімі тексеріледі. Үшінші тест бизнес жоспарды қорғау алдында алынады. Қатысушылар бизнес жоспарларын да онлайн түрде қорғайды. Содан кейін оқығаны жөнінде сертификат беріледі. Қазіргі таңда сертификатты  қатысушылардың қолына емес, электронды түрде үлестіру қарастырылуда. Азаматтар оны қажет болса, шығарып алады. Әйтпесе, бәрі базада сақтаулы тұрады.

- Облыста қанша азаматты те-гін оқумен қамту көзделіп отыр?

- Оқу 10 маусымнан 30 қыркүйек-ке дейін деп жоспарланған. Бес лекпен 21 күннен оқыту көзделуде. Жалпы, аймағымызда осы аралықта 1350 тұрғынға бизнес негіздерінен білім беріледі. Жобаның түлектері,  яғни, бизнес жоспарларын сәтті қорғаған азаматтар әрі қарай гранттық қаржыландыруға немесе шағын несиелер алуға қатыса алады.

Айта кету керек, былтыр аймағымызда «Бастау бизнеспен» 2545 азамат білім алды. Оған қоса, 800 жас тұрғын «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы бизнес негіздерін үйренді. «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді курстан өткендер де бар. Міне, осы білім алғандардың 2510-ы былтыр грант алып, кәсіп бастады.

- Ақпаратыңызға рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.

saryarka-samaly.kz