Жағалаудағы заманауи полиция бекеті тәулік бойы қызмет көрсетеді. Мұнда сақшылар ауысым бойынша жұмыс істейді. Шыны керек, орталық жағажай - өңір тұрғындары мен қонақтарының жиі серуендейтін демалыс орны. Жыл сайын жаз мезгілінде «Ертіс Promenade» сахнасында Қазақстан эстрада жұлдыз-дары мен шетел әртістері өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, мерекелік флэшмобтар, челлендж, акциялар-дың қорытындысы да жағажайда өтеді. Сондықтан адам көп жинала-тын орында тәртіпті қадағалаудың маңызы зор.

- Қоғамдық қауіпсіздікті қамта-масыз етуде бір полиция бекеті орта-лық жағажайда орналастырылды. Маусым айында автовокзалдың жанында да осындай пост орын тебеді. Стационарлық бекет 3 бөл-меден тұрады.  Оның екеуі жұмыс істеуге арналса, бір бөлмеде маман-дар ас ішеді. Бекет заманауи құрыл-ғылар және стационарлық радиостанциямен жабдықталған. Соны-мен қатар, кондиционер, жылу жүйесі, бейнебақылау құрылғысы және дабыл белгісімен қамтылған, - дейді облыстық полиция департа-менті басшысының орынбасары Дамир Сиразидимов.

Заманауи бекет ашылғалы бері полицейлердің көмегіне 100 адам жүгінген.  Электромобиль көлігін тіз-гіндеген сақшылардың қатарында   Жеңіс Дәукенов те бар.

- Полиция бекеті мамыр айында ашылды. Біздің міндетіміз - қоғам-дық тәртіпті қадағалау. Алдағы уақыт-та шомылу маусымы басталады. Бірақ суға түсуге рұқсат берілмесе де, өзен жағасында адам көп. Солардың арасында түсіндіру жұ-мыстарын жүргіземіз. Бұдан бөлек, ішімдік тұтынып, төбелес шығаратын тұрғындар бар. Түнгі уақытта қарау-сыз жүрген балаларды да бақы-лаймыз. Жеңіл көліктер арқылы таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін ауысым бойынша қызмет көрсетеміз, - дейді  Жеңіс Дәукенов.

Атап өтерлігі, орталық жағажайда 2 электромобиль көлігі жұмыс істей-ді. Сақшылардың таңғы жұмысы жағалауды аралаудан басталады.

 

Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz