Аймағымызға белгілі ауыл шаруашылығы саласының мамандары Құдайберген Қанапиянов, Сапарғали Асқар және Ұлан Әлмішев ауыл шаруашылығын әрі қарай жетілдіру, өнім өндіруді арттыру мақсатында бірнеше ұсыныс айтты. Облыс әкімі ғалымдарға қолдау білдіріп, аймақта мал шаруашылығы мен жем-шөп дақылдарын өсіруге көбірек көңіл бөлу керектігін құптайтынын жеткізді. Ұсыныстар тиісті деңгейде қаралмақ. Өз кезегінде, мамандар тәжірибелерімен бөлісуге әзір екенін атап өтті. Осыны ескерген партияның облыстық филиалының төрағасы жоғарыда аталған азаматтарды алдағы уақытта болатын агроөндірістік кешенді дамыту жөніндегі келелі жиынға қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Болат Жұмабекұлы алдағы уақытта ғалымдардың тәжірибесі мен тың әдістерін іс жүзінде қолдану мүмкіндігін қарастыратынын айтты.

saryarka-samaly.kz