Шарбақты ауданының пробация қызметінің мамандары бостандыққа шыққан осындай бір азаматтың жеке кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік жасады.

Шипалық қасиетімен ерекшеленетін Маралды көлінің жағасында орналасқан емдеу-сауықтыру курорттық аймағының әкімшілігі аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы, әділет капитаны Мұхтар Сейтахметовтің сұрауы бойынша бұрын істі болған С. есімді азаматқа жаз маусымында киіз үй орнату үшін демалыс орны маңынан тегін жер аумағын берген.

Аталған азамат бүгінде отбасымен бірге адал еңбек етуде. Ол қымыз, сүт, құрт секілді ұлттық тағамдарды демалушыларға ұсынуда. Отбасылық бизнесін бастап кеткен азаматқа екі катамаранды тұтынушыларға жалға беріп, кәсібін кеңейтуге ықпал еткен.

Қатесін түсініп, өмірге жаңаша көзқараспен қарайтын кәсіпкер өткен өмірінде жіберіп алған кемшіліктеріне өкінетінін және сол ағаттықтарының орнын толтыруға мүмкіндік жасап отырған пробация қызметі мамандарына ризашылығын білдірді.

Шарбақты ауданындағы Маралды көлі маңында пробация қызметінде тіркеуде тұрған тағы да бірнеше азамат құрылыс жұмыстарымен айналысып, өздеріне де, қоғамға да пайдалы іс тындыруда.

Айгүл СЫЗДЫҚОВА, Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару

saryarka-samaly.kz