Облыс әкімі Болат Бақауов тұрғындардың қуанышына ортақ-тасып, мерекемен құттықтады.

- ҚР Конституциясы күні қарсаңында «Сарыарқа» шағын ауданында екі тұрғын үйдің қолданысқа берілуі – зор қуаныш. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алдағы 15 жылда 1,5 млн. отбасы пәтерге ие болатынын айтқан еді. Біздің облыста да тұрғын үй құрылысы қарқын алмақ. Жыл басынан бері өңірде 109 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есе көп,                        - деді Б.Бақауов.

Айта кетелік, былтырдан бері кезекте тұрған жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, сырылған ескі үйлер тұрғындары үшін 5 үй, оған қоса екі ай бұрын «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі» АҚ 108 салымшысына пәтер кілттері табысталды. Сонымен қатар биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 4 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жыл соңына дейін тағы 3 үй пайдалануға берілмек.


Ләззат СЕМБЕКОВА, Павлодар қаласының тұрғыны:

- 2009 жылдан бастап «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» қаражат жинадық. Бүгін көптен күткен баспанамызға қол жеткізіп, қуанышқа кенеліп отырмыз. Күн-түн демей қызмет еткен құрылысшыларға, баспаналы болу үшін тиімді мүмкіндік қарастырған жергілікті билік өкілдеріне ризашылығымызды білдіреміз. Осындай бақыт әр шаңыраққа бұйырсын!

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

saryarka-samaly.kz