Шараны ұйымдастырушы - «Ситорай сомон» тәжік этномәдени бірлестігі. Шарада тәжік халқының салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары жайында көптеген мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, тәжік халқының мәдениетімен, қолөнерімен, музыкалық аспаптарымен, биімен, Омар Хайямның шығармаларымен танысып, тәжік халқының ұлттық тағамы - палау мен қауыннан дәм татты. Көрермендер арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар
берілді.

Бұл мерекеде көрермендер үшін тәжік билері орындалып, әсем әндері шырқалды. Жиналғандар қарбыз бен қауынның көптеген пайдалы қасиеттерінен хабардар болып, ең тәтті және піскен жемісті таңдау құпияларымен бөлісті.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсенбай Жетпісбаев пен «Ситорай сомон» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Хусайн Гулов фестиваль қонақтары мен көрермендеріне белсенділіктері үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан халқына бейбіт өмір, ынтымақтастық пен келісім тіледі.

saryarka-samaly.kz