Осынау спорттық мерекені тамашалауға 11 мың көрермен келеді деп күтілуде. Бұдан бөлек Қазақстан мен бірқатар шет елдердің телеарналары арқылы тікелей хабар таратылмақ. Атап өтерлігі, бұл - әйгілі боксшымыздың өз елінде өткізетін екінші кездесуі. Қ.Исламның бұл жолғы қарсыласы - канадалық Брэндон Кук. Бұған дейін кәсіпқой бокста бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген ол бұл кездесуде барын салатыны түсінікті.

Қанат Ислам

Лақап аты: Qazaq (Қазақ)

Салмақ дәрежесі: бірінші орта салмақ

Туған жылы: 13.09.1984 (33 жаста)

Елі: Қазақстан

Жекпе-жек көрсеткіштері: кәсіби бокста 24 жекпе-жек өткізген. Оның барлығында жеңіске жетіп, 19 қарсыласын нокаутқа жіберген

Жетістіктері: Орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

 

 

Брэндон Кук

Лақап аты: Bad Boy (Жаман жігіт)

Салмақ дәрежесі: бірінші орта салмақ

Туған жылы: 13.06.1986 (31 жаста)

Елі: Канада

Жекпе-жек көрсеткіштері: кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізген. Оның барлығында жеңіске жетіп, 11 қарсыласын нокаутқа жіберген

Жетістіктері: IBF и WBA тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы.

saryarka-samaly.kz