Жыр көкпарына Ұлы Дала Елінің әр түпкірінен жиналған дүлдүл ақындар қатысады: Арқалықтан - Айбек Қалиев, Астанадан - Мұқтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров, Қарағандыдан - Мақсат Аханов, Дидар Қамиев, Семейден - Әсем Ержанқызы, Алматыдан - Шұғайып Сезімхан, Рүстем Қайыртай, Қызылордадан - Мейірбек Сұлтанхан, Шымкенттен - Қалижан Білдәшев, Павлодарлық ақындар - Абзал Қабдраш, Оңғар Қабденов, Қуаныш Шарманов. Баянауылдың намысын 2015 жылғы «Алтын домбыра» иегері, жерлесіміз Аспанбек Шұғатаев, Нұрқанат Қайрат, Тілек Сейітовтер қорғайды.

Дүлдүлдердің тартысын ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді. Өнер десе ішер асын жерге қойған ағайын! Жыр додасын көруге асығайық!

А.ӘБДІЛҰЛЫ

saryarka-samaly.kz