Екінші мәрте жалауы желбіреген жарыс Елорда төріндегі «Барыс аренада» өтті. Әлемнің 38 елінен жиналған 42 балуан олимпиадалық ереже бойынша белдесті. Қазақ елінің намысын 5 спортшы қорғады. Ұтыс қоры 30 миллион теңге болған сайыстың іріктеу кезеңінде жерлестеріміз Дәурен Нұралинов пен Айбат Сейтен ұтылып қалса, ширек финалда «Қазақстан барыстары» Айбек Нұғымаров пен Еламан Ерғалиев белдесіп, Айбек жеңіске жетті. Жартылай финалда семейлік балуан Моңғолиядан келген Серік Бердімұраттан айласын асырды.

Ал «Әлем барысының» финалында Айбек Нұғымаров грузиялық балуанды айқын басымдықпен ұтып, алтын белбеу мен 15 миллион теңгені еншіледі. Үшінші орын Ержан Шынкеевке бұйырды. Сонымен қатар 10 балуанға қаржылай сый-сыяпат жасалды.

Айта кетелік, 2014 жылы Павлодарда өткен «Әлем барысында» Куба қабыланы Брайсон Видальденге тең келер балуан табылмаған еді.

Әзірлеген - Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz