БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

 

 

Егемен елімізде балалар құқықтарының сақталуына баса мән берілуде. Осы мақсатта Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қорының (UNICEF) Қазақстандағы өкілдігінің бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп, балалардың жайлы өмір сүріп, лайықты білім алуына жағдай жасау үшін «Балаларға мейірімді қала» жобасын жүзеге асырды. 
Ел ертеңі болар қазақстандық балғындар игілігі үшін республиканың бірқатар облыстары мен қалалары үн қосқан аталмыш жобаның өміршең болуына Павлодар өңірі де атсалысты. Екі жыл бұрын Павлодар қаласының әкімдігі «Балаларға мейірімді қала» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті және Біріккен Ұлттар Ұйымының «UNICEF» балалар қорымен үш жақты меморандумға қол қойған болатын. Соңғы бір-екі жылда мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы аясында шаһарда бой көтерген спорт алаңдары мен түрлі рухани орталықтар соның жемісі. Атап өтерлігі, әлемнің 900-ге тарта қалалары қолдаған жобаның шарапаты ауылдық балаларға да жетті. 
Өткен жылдың 14 сәуірінде Павлодар облысы бойынша алғашқылардың бірі болып Успенка ауданына қарасты «Галицкое» ауылындағы «Галицкое» ЖШС, Новопокровский ауылдық округінің әкімі, сондай-ақ облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті бірлесіп, «Павлодар Ертіс өңірі - бақытты балалық шақ территориясы» жобасы шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл жоба балалар құқықтарының қорғалуына, әлеуметтік жағдайының жақсаруына және жеткіншектерге қатысты басқа да түрлі мәселелердің шешілуіне мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Галицкое ауылында балалар үшін көп жұмыстардың жасалып жатқаны - жобаның жоғары деңгейде жүзеге асқандығының дәлелі. 
Ауылда 50 балаға арналған «Ақбота» балабақшасы жұмыс істейді. Онда тәрбиеленушілерге барлық жағдай жасалған. Бассейн, музыка және спорт залдары бар. Шағын ғана бақшаның заман талабына сай етіп жабдықталуы ауылдық бүлдіршіндер үшін үлкен мәртебе. Сонымен қатар жасөспірімдер үшін «Жастар» дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді. Жеткіншектерді салауатты өмір салтын ұстануға баулитын осы мекемеде тренажер және түрлі бағыттағы спорт залдары бар. Сондай-ақ баскетбол, футбол, волейбол, жеңіл атлетика бойынша секциялар жұмыс істейді. Бүгінде аталған секцияларға мектеп жасындағы жүзден астам бала белсене қатысуда. Ауылда балалардың бос уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізуге де баса мән берілген. Осыған орай арнайы құрал-жабдықтармен жасақталған балалардың бос уақыттарын өткізу орталығы қызмет көрсетеді. Мұнда жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ой-өрістерін жетілдіру үшін барлық жағдай жасалған. Айталық, ғаламтор желісіне қосылған компьютерлер, бильярд, теннис үстелдері бар. Ал жаз мезгілінде балалар экологиялық еңбек отрядына кіріп, ауыл мен іргелес елдімекендерді көріктендіруге үлестерін қосады. 
Оқушылар білім алып жатқан орта мектеп те заманауи қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген. 
Осылайша ауылдық жеткіншектердің жақсы өмір сүруі мақсатында мол мүмкіндіктер жасалып, көп жұмыстар атқарылып жатқан Галицкое ауылы ондағы кішкентай тұрғындар үшін бақытты балалық шақтың бастауына айналғандай. Ауыл халқы да бұл елдімекеннің тарихы тереңде екенін алға тартып, осы игі дәстүр кейінгі ұрпаққа жалғаса береді деген сенімде. 
«Ауылымыз жыл сайын көркейіп, дамып келеді. Әсіресе, балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін аянбай еңбек етудеміз. Үлкен-кішіміз бірлесе отырып, биік мақсаттарға жетеміз, өркениетті қоғам құрамыз!», - дейді ауыл азаматтары. 
Осыдан екі ай бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігі, БҰҰ-ның «UNICEF» балалар қоры және Павлодар облысы әкімдігінің мұрындық болуымен аймағымызда тұңғыш рет Қазақстан Республикасының балаларға мейірімді қалаларының І Саммиті өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген саммитке қатысушылар Галицкое ауылына да ат басын бұрып, ондағы атқарылған жұмыстарға жоғары баға берген екен. 
Егемен елдің ерікті ұландарын қамқорлыққа алып, жарқын болашаққа жетелеген Галицкое ауылының бүгінгі тынысы өзгелерге үлгі боларлықтай.
Н.АҚЫТЕГІ,
Успенка ауданы.
 

Пікірлер  

 
0 #1 Бақыт 10.02.2012 13:54
бақытты балалық шақ дегеніміз не?????????))))))))))
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31