СОТ ШЕШІМІН КҮТІП ЖҮР

Ақпан айының ортасында Май ауылына аудандық мәслихат хатшысы А.Тәңірбергеновтің депутаттық сауалына байланысты Павлодар қаласынан көлік прокурорының көмекшісі Ш.Баткеева келіп, 40-тан астам теміржолшымен кездескен болатын. Жиынға «Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы» АҚ Павлодар облысындағы бөлімшесі директорының орынбасары А.Ордабаев және өкілдік заңгері Л.Полюдова қатысқан еді.
Осы кездесуде Елбасы Н.Ә.Назарбаев қол қойған Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес, Май ауылында тұратын теміржолшылардың еңбекақыларына қосымша төленуі тиіс экологиялық төлемақы 2008 жылдан бастап толық төленбей келгендігі сөз болды. Төлемақы тек 1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде есептеліп келген. Және кезекті еңбек демалысына шығарда демалуға қосымша 12 күн емес, 10 күн беріліп отырған.
Мән-жайға қаныққан көлік прокурорының көмекшісі осы іспен шұғылданып, тиісті құжаттарды 1 ай ішінде соттың қарауына тапсыратынын айтқан болатын.
Содан бері ең жоғары радиациялық  ластануға ұшыраған қауіпті аймақ санатына енген Май ауылының теміржолшылары соттың әділ төрелігін күтіп жүр. Бір нәтижесі шығып қалар деген үміт басым...

 


Мейрамбек ҚЫЗЫРҰЛЫ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30