БУХГАЛТЕР ҮШІН БАСТЫҚ ЖАУАП БЕРУГЕ ТИІС

Мемлекеттік органдарда жемқорлық мәселесі жойылмай тұр. Қаржы полициясының мәлімдеуінше, заңсыздыққа мемлекеттік сатып алулар барысында, жер телімін бөлуде жиі жол беріледі. Салық, кеден және жол полициясы мекемелерінің қызметінде де жемқорлық әрекеттер көптеп ұшырасады. Аталмыш індеттен облыстық білім беру жүйесі де құралақан емес. Мектептерде әлі күнге дейін еңбекақы төлеу мәселесінде заң бұзушылықтар көп. Бұл – қауіпті жағдай. Облыс білім беру басқармасы бухгалтерлік қызметке қатысты қатаң шараларға кірісуі шарт. Қол астындағы есепшінің жұмысын қадағалай алмаған мектеп директоры де айыпталып, қажет болса, жұмысынан босатылуы керек. Бұл туралы тапсырма өткен жұма күні облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен болған ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды.
Облыс бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің  (қаржы полициясы) бастығы М.Сабаншиевтің баяндағанындай, өткен жылы 126 жемқорлық қылмыс оқиғасы анықталды. Заңсыз әрекеттердің дені Павлодар қаласына тиесілі. Облыс орталығында мемлекеттік мекемелер, сәйкесінше шенеунік тұлғалар көптеп шоғырланған. Одан кейінгі орынды Екібастұз қаласы еншілеген.
Заң бұзу оқиғаларынан аудандар да кенде емес. Көшті Успенка ауданы бастап тұр. Аудан басшысы Н.Әутәліповтің мәлімдеуінше, істі болғандардың арасында «Қайсар» балалар спорт мектебінің директоры бар. Лауазым иесі өзінің қызметін заңға томпақ келетін теріс пиғылға пайдаланған. Жергілікті баспана бөлумен айналысатын комиссияның 5 мүшесі «мемлекеттік қызметшіге кезектен тыс баспана берді» деп айыпталған. Бұл жерде аудан басшылығының заңнан толық хабары жоқтығы байқалады. Әйтпесе, ауданға тағайындалған мемлекеттік қызмет иесі баспананы алты ай ішінде алуға құқылы. Тек мәселенің заңдық жөн-жосығын білген абзал.
Аймақ басшысы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы А.Оразалиевке қылмыстық істерге мас күйінде жиі баратындардың санын азайту мақсатында жұмысты күшейтуді тапсырды. Әсіресе, учаскелік полицейлерге талапты қатаңдату қажет. Қазір облыс орталығы көшелерін жол полицейлері бақылайтын болғандықтан, жол-көлік оқиғалары да азайған.
Бақытжан Әбдірұлы Елбасының Үкімет алдында жемқорлықпен ымырасыз күресті жалғастыруды тапсырғанын атады. Осы орайда қол астындағы қызметкердің әрекетіне мекеме басшысы жауапты болатынын барлығы білуге тиіс.

 

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 28 29 30