БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Алғашқы күнінен бірлік пен берекеге бастайтын мамыр айының барша адамзат үшін асқақ абыройы бар. Татулықты бағымыз деп бағалай білген халықпыз. Сондықтан, ынтымақта атқан әрбір таң мен батқан күніміздің қадір-қасиетін ұғына білуіміз қажет, дейді Екібастұз қаласындағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері.
 Ата-бабамыз ғасырлар бойы бақытты ел болуға талпынды. Азаттықты аңсап, тәуелсіздікті, теңдікті, елдікті көкседі. Сан жылдық аласапыран шайқас, күрес, қақтығыстардан арылып, татулықтың туы желбіреген бейбіт ел болуды армандады. Соның барлығын артқа тастап, тәуелсіздік таңына қолы жеткен Қазақ елі бүгінде бейбітшілік бесігінде тербеліп отыр. Бірліктің арқасында елімізді мекен еткен жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруіне толық жағдай жасалуда. Мысалы, Екібастұз қаласын мекен еткен түрлі ұлт өкілдері үшін бүгінде өз ана тілін, мәдениетін дамытуға көп қолдау көрсетілуде. «Достық үйі» жұмыс істейді. Осыдан сегіз жыл бұрын бой көтерген аталмыш мекеме тілі басқа тілегі бір халық үшін дос құшағын айқара ашқан бірлік пен берекенің нышаны іспеттес.
Бүгінде мұнда тоғыз этно-мәдени бірлестік бар. Мұндағы әр ұлт өзінің өнерін, мәдениеті мен әдебиетін жаңғырту жолында тынымсыз еңбек етуде. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мысалы, өткен жылы жергілікті бюджеттен үш миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа ұлттық киімдер тігіліп, өзге де қажетті дүниелер сатып алынған. Екібастұз қалалық «Достық үйінің» директоры Л.Макарчуктың айтуына қарағанда, осындағы барлық ұлт өкілдері шаһардағы мерекелік іс-шараларға белсенді қатысып тұрады.
Тоғыз бірлестікте де әр ұлттың өзіне тән мерекелері тойланып, түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылуда. Екібастұздықтар үшін үлкен мәнге ие «Достық үйіне» бүгінгі күні екі мыңнан астам түрлі ұлт өкілдері тұрақты келіп, бірлестіктермен қоян-қолтық жұмыс жасап тұрады. Атап өтерлігі, мұнда келушілердің басым бөлігі – жастар.
Жергілікті этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің айтуына қарағанда, ертеден еркіндік пен елдікті, бейбітшілік пен берекені тілеген еліміз ешқашан өзгені өзекке теппеген. Сонау күндері елінен еріксіз және ерікті түрде қуылғандарды дініне, нәсіліне қарамай, бір үзім нанын бөліп беріп, бір жастықты жастанған қазақ қашан да қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес. Сондықтан, қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет.


Данияр ЖҰМАДІЛОВ.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31